Қаратерек орта мектебі бойынша 3 мамыр мен 9 мамыр аралығында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай бірқатар іс – шаралар өткізілді.
Жеңіс күніне қатысты «Ер есімі – ел есінде» сынып сағаттары 1-10 сыныптарда еңбек, тыл ардагерлердің қатысуымен өткізілді. 1-4 сыныптар арасында «Бейбіт тірліктің тұғыры болған Жеңіс» атты тақырыпта суреттер көрмесі ұйымдастырылды, ал 5-10 сыныптар арасында «Жеңіске – мың тағзым!» атты тақырыпта қабырға газеттері шығарылды.Кітапханада ҰОС қатысты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Мектеп тәлімгері және Қолқанат мүшелері 6-7 сынып оқушыларымен бірге осы ай бойы еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, аулаларын жинап көмек көрсетті.
«Соғыстың соңғы күндері» тақырыбында барлық сыныптар көріністер көрсетті.Барлық сыныптарда «Ұлы жеңістің жаңғырығы» атты спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.Жеңіске жеткен сыныптар тәтті сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.
9 мамыр күні Жеңіс тойы - баршаның ортақ қуанышы болғандықтан мектеп болып шеруге шықтық. Бұл салтанатты шара ескерткіш алаңында өткізілді, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Онда әкімшіліктен адамдар және ардагерлер сөз сөйлеп, мерекелік концерт тамашалады.