Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Ерлер есімі мәңгі есте

09.05

«Жеңіс күні» - тарихқа тағзым етіп, ерлікті ұлықтайтын мереке. Ұлы отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына биыл міне 72 жыл толып отыр. Осы бір даңқты мереке, Жеңіс күні – 9 мамыр тарихымызға неғұрлым тереңдей еніп, алыстаған сайын оның ұлылығы мен мән-мағынасы дараланып, маңызы арта береді. Қан майданда ажалмен арпалысып жүріп, ғажайып ерлік жасаған аға ұрпаққа деген құрмет еселене түседі. Олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан да ұмытылмайды! Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын оқиға.
2017 жылғы 9 мамырда, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер ескерткіші маңында мектеп ұстаздары мен оқушылары «9-мамыр Жеңіс күні» мерекесіне орай «Ерлер есімі мәңгі есте» атты салтанатты жиын өткізді.
Ұлы Жеңіс күніне арналған шара Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды.
Салтанатты жиын ары қарай мектеп оқушылары, сұрапыл соғыста Отан үшін отқа түскен боздақтарымызды мадақтап, қошеметтеуге арналған өлеңдерін айтты және патриоттық әндер шырқады. Сұм соғыстың құрбаны болғанын аталарымыздың ерліктерін бейнелеген қойылымдары көзге жас келтірді.
 Бейбіт күннің астында, егеменді елде тұру бақыты үшін аға ұрпақ алдында бас иеміз. Кейінгі ұрпаққа жүктелген міндет – бүгінгі бейбітшілік пен тыныштық, татулық пен келісімді сақтау болса керек. Кешегі қан майданда Отанын жаудан қорғап қалған, өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың өнегесіне айналған батырларымыздың аманаты осы.
Ерлікпен қаза болған батырлар мәңгі есімізде болады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер