
2017 жылдың 24 және 25 сәуірінде «№1 Боулинг-Орталығында» ОК жалпы білім беру мектептерінде және қала лицейлерінде оқушылар арасында боулинг бойынша жыл сайын өткізілетін турнир өтті. Қатысушылардың жас ерекшеліктері 11-13 жас және 14-16 жас аралығын құрады. Осы екі жас ерекшеліктеріне байланысты 2 топ мүшелері қатысты, олар: қыздар және ұлдар. С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия 7-ші рет қатысып отыр.
Осы жылы №1 топ құрамында гимназия абыройын 7-сынып оқушылары қорғады. Нурмуканова Айдана, Туренов Ильяс. Барлығы 16 топ қатысты. Балалардың барлығы жақсы ат салысты, жартылай финалға (360 ұпай, 12 топ), одан кейін финалға (370 ұпай, 6 топ) өтті. 6-шы орынға қол жеткізіп, мадақтамалар мен сыйлықтарды иеленді.
14-16 жас аралығындағы қатысушылар әдемі топтық ойын көрсетті. Эмоциялар, жолдастарының қолдауы мен алаңдауы және оның қорытындысы ретінде ойынның нәтижесі болды. №2 топ құрамындағы 10-сынып – Сәлім Жансая және Кеңес Рауан жақсы ойын көрсетті, топ алғыс хаттармен және 1 сағаттық боулинг орталығындағы тегін ойынды ұтып алды.

Петропавл қаласындағы «№1 Боулинг-Орталығы» ОК турнирге қатысушыларды үнемі жылы шыраймен қарсы алып, ыстық тағамдар мен сыйлықтарды таратуды ұйымдастырады. Алғысымызды білдіреміз! Біздің балаларымыз орталықта демалғанды жақсы көреді. Ұйымдастырушылар қала балалары үшін жазғы сауықтыру демалысының бағдарламасын ұсынды.
Турнир «Иммунизация» апталығы шеңберінде өткізілді. Турнирдің мақсаты салауатты өмір салтын ұстану және керемет ойындардың бірі – боулингті насихаттау. Біздің балаларымыз жақсы уақыт өткізіп, замандастарымен қарым-қатынас жасап, боулинг қызықты ойыны арқасында жаңа таныстарға ие болды.
Топтарды дайындап, жетекшілік еткен дене шынықтыру және спорт мұғалімі, туристтік үйірменің басшысы, С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның жоғары санатты педагогы Басанова Салима Закировна.
