Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Қазақ мектеп-гимназиясында 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні тойланды

01.05

 
 
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы - бірлік, ел іші тату - тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
 
Қазақстан халықтарының бірлігі күні - Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды.

 
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
 
Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай тойланатын бұл мерекені  бүгінде  біз ұжым болып,  Қазақ мектеп-гимназиясы «Бейбітшілік» /Мир/ көшесінде қала тұрғындарымен бір шаңырақ астында тойладық.  Шоғырланған әрбір қала тұрғыны ұлттық-мәдени мерекеде ән тыңдап, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда рухани байып көңіл көтерді. Мектеп ұжымы сонымен қатар, дәстүр мен салтқа толы  халықтың көңіл-күйін көтеру үшін тоғызқұмалақ, қазақша күрес, каратэ секілді спорттық жарыстар ұйымдастырды.

 
Ал, ұлттық дастархан жайылу салты да тысқары қалмады. 6 ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдарына арналған дастархан жайылды: қазақ, орыс, татар, қытай, армян, өзбек ұлттарының ұлттық тағамдары. Ұйымдастырушы тарапынан әділ қазылар алқасы құрылды. Ол құрамда мектеп директоры Бұлбұл Ахмадиқызы, ақсақалдар алқасының мүшесі, ардагер ұстаз Айна Сапышева, ата-аналар комитетінің төрайымы Искакова Ризагүл, ата-ана Толкын Топышев, асхана меңгерушісі Копобаева Ляззат, қала тұрғыны Уптяров Ғалымжан сынды әділ сынаушылар болды.
 
Олар әр ұлттың тағамдарынан ауыз тиіп, әр ұлттың дайындаған өнерлеріне тәнті болды. Байқаудың нәтижесінде І орынды қазақ дастарханы жеңіп алды. Қазақ дастарханында үлкен ас қойылып, ұлттық киім үлгісі көрсетіліп, қазақтың қонақжайлылығы дәріптелді. ІІ орынды татар мен армян дастарханы еншіледі. ІІІ орын иегерлері: орыс, қытай, өзбек дастархандары. Көңілді іс-шарадан соң қала тұрғындары әр ұлттың астарынан дәм татып, мектеп асханасының арнайы әзірлеген палауы мен бауырсағынан да ауыз тиіп, жайдарлы көңіл-күймен тарасты.
 
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!
 
Қазақ мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Есенгалиева Айгүл Ерболқызы



























Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер