КММ «Есперлі негізгі мектебі»
Сабақтың тақырыбы: Математикадан ойын-сабақ.
4-сынып
Бастауыш мұғалімі:Даньярова К.С
Математикадан ойын-сабақ.
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін
тексеру,алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты
шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз
ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушыларды
ауызбіршілікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған
жерінің табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина, ертегі есеп, өлең есеп,
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1.Таныстыру
8 . «Сандар сөйлейді»
9 . Топ басшылар жарысы
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып,мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала,құлпырған қып-қызыл гүлдер,сарқырап аққан
мөп-мөлдір су,жайқалған ағаш,ашық аспан,жарқырап күлімдеген
күн сәулесі.»
Осы сезімге беріле отырып,көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік
Уа,халайық,халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып ,шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ,есеп бәрі бар
Ал,сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.-деп Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
«Алғырлар» тобы
«Білгірлер» тобы»
1.Таныстыру бөлімі
Енді сөз кезегін топтарға берейін,өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
Топтың аты: «Алғырлар»
Ұран: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
Топтың аты: «Білгірлер»
Ұран: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
Уа,балалар,балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.
«Алғырлар» 1.Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
3.Ондықтан құралған сан. Қырық
4.Бір таңбалы сан. Үш
5.Кеміту амалы. Азайту
«Білгірлер» 6. Бір таңбалы сан Бір
7.Геометриялық фигура. Төртбұрыш
8.Бұрыш түрі Сүйір
9.Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
10.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер
Әсем табиғатымызды,суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады.Таза ауамен дем алсақ,денсаулығымыз да мықты болады.
Қаз Ай Ту (Азайту)
Мысық ,Етік, Р (Метр)
Р
Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған коипьютерге 1- ден, 9 ға дейінгі сандарды жазындар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі танбалы сан қолдануға болады.
1,2,3,4,5,6,7,8,9=12+3+4+56+7+8+9=99
1,2,3,4,5,6,7,8,9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9=99
Қане балалар жазып болсақ , топ басшыларын оқып шықсын.
Ендеше тақтаға қарайық. (Дұрыс нұсқасын көрсетемін немесе дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін)
Сергітту сәті
5.«Кім жылдам?» ойыны.
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұршын берер ол саған.
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде.
Әр топ мүшелері ұяшықтарды таңдайды, сұрақ оқылады, сол сұрақтаға лезде жауап беру керек.
1.Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?( 10. 50)
2.120 минут неше сағатқа тең?(2 сағат)
3.3 жұмыртқа 3минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минутта)
5.Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ ,неше бұрыш қалады?(5)
Сергітту сәтті
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен ,панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.Жаз шығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.Кемпір:-«Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп жалман –жан бір шелексуды сапырып отырып ,мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі ,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам
«Күлше қыз» Күлше қызға өгей шешесі « 45 бұршақты үш ыдысқа бөліп, екеуіне бірдей, үшіншісіне 2 есе аз сал» деп тапсырма береді. Күлше қызға бұршақтарды дұрыс бөлуге көмектесіңдер. ( 9+18+18)
«Бір мая шөп» Бір мая шөпті жылқы 1 айдың ішінде жейді, ал ешкі 2 ай, қой 2 ай жейді. Үшеуі қосылып бір мая шөпті қашан бітіреді? ( Жарты айдың ішінде)
Балалар білесіңдерма?, бізге қонаққа құстар келіпті, жылы жаққа келе жатқан құстар екен. Сендердің білімдеріңді тесеру барысында бірнеше тапсырмалар ала келіпті өздерімен. Қалай балалар тапсырмаларын орындап, білімдеріңді көрсетуге дайынсындарма?
Ендеше қонаққа келген құстарымызды шақырайық
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.
1-құс «Аққу» тапсырмасы
Алмас 1-сағатта 4 км жол жүрді осы қарқымен жүрсе 3 сағатта неше км жол жүреді (12 км)
2 –құс «Қарлығаш» тапсырмасы.
Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады .
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
-Кел балалар ,ойнайық
Қандай есеп болсада.
Шешпей оны қоймайық.
Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Математикалық өлең есеп
Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз
Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы.
Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі
10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі,
10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма)
3-құс Торғайдың тапсырмасы
Қызықты тапсырмалар.
неше тауық ,неше бұзау болуы мүмкін?(2 бұзау, 1 Тауық)
неше балық болды? (Балықтар ұшпайды. Ағашта отырмайды)
3 . Алма ағашында 10 алма. Ал үйеңкі ағашында одан екі алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр.(үйеңкі ағашында алма өспейді)
4-құс Қаз тапсырмасы
Кітаппен жұмыс 151 беттегі 16 тапсырманың .Есепті теңдеу құру арқылы шығару
1-тсырма
а) Зауытта 5 күнде 16250 бөлшек жасалады. Зауытта 1 күнде неше бөлшек жасалады?
1*Х=16250:5
1*Х=3250
Х=3250:1
Х=3250
2-тапсырма
ә) Зауытта 16250 бөлшек жасалады. Оларды қораптарға 50 бөлшектен салғанда, салынбаған 15500 бөлшек қалады.Бөлшек қанша қорапқа салынды?
16250 – (Х*50)=1550
Х*50=16250-1550
Х=14700 : 50
Х=294
8. Сандар сөйлейді. Бүл кезенде әр топ киелі сандар жайлы мағұлмат береді.(киелі сандар 3,7 туралы )
1-топқа
Жеті күн. Жеті күн
Дүйсенбі бүгін
Сейсенбі Ертең
Сәрсенбі Бүрсүгүні
Бейсенбі кеше
Жұма арғыкүні
Сенбі таңерен
Жексенбі Соңғы күн
2-топқа
Үш арыс Үш дана
Сәкен, Бейімбет Абай Шоқан Ыбырай
Үш тәті Үш биік
Ананың сүті билік
Баланың күлкісі дәулет
Туған жер даналық
Үш қадірлі үш көз
Ырыс Су ана-бұлақ
Бақ жол анасы-тұяқ
Дәулет дау анасы-құлақ
«Алғырлар» және «Білгірлер» тобына
Білім ағашы
4 .Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)
7 . Азайту амалының компаненттерін ата?(азайғыш,азайтқыш,айырманыі мәні)
Сабақты қорытындылау:
Математика-толған тәртіп, мағына мен мән
Математика-толған тамаша заңдылық пен сән.
Математика-толып жатқан терең сыр.
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір - дей отыра, сайыс сабағымызды аяқтамас бұрын тілек ағашына өз тілектерінді жазып, тілек ағашына жапсырындар.
Бүгінгі сайысқа қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:151 бет. 16 тапсырма