Қалалық Абай және Махамбет оқулары

19.04.2017

 
 
2017 жылдың  19 сәуірі күні жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында дәстүрлі ХVІІI қалалық Абай оқулары және VІІI қалалық Махамбет оқулары болып өтті. Байқауға қала мектептерінің 5-11-сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысушылар 3 аталым бойынша сынға түсті. Олар мәнерлеп өлең оқыды, құйқылжытып ән орындап, күй тартты және жүректен шыққан өз төл туындыларын таныстырды.
 
Мектебімізден барған оқушылар бойынша айта кетсек, «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай және Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту бойынша 1-номинацияда 9 Ә сынып оқушысы Қабеш Диас ІІ орын (мұғалімі Байтенова Г.Ж.), «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» өз шығармаларын орындау бойынша 3-номинацияда 9 Ә сынып оқушысы Адильбаева Ақмерей ІІІ орынды (мұғалімі Байтенова Г.Ж.) иеленді.
 
Ал Махамбет оқулары бойынша «Ел құтқарар ер едім...» Махамбет өлеңдерін жатқа айту бойынша 1-номинацияда 6 А сынып оқушысы Айтбай Әдемау ІІІ орын (мұғалімі Тасқұл А.М.), «Ұлы арман» Махамбет күйлерін орындау бойынша 2-номинацияда 10 Ә сынып оқушысы Серікбай Диас І орын (мұғалімі Ешкен Ж.М.), «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас ақындар өз төл туындыларын орындау бойынша 3-номинацияда  6 В сынып оқушысы Жайлаубай Ақжан І орынды (мұғалімі Садвакасова М.У.) иеленді.
 
Әділқазылар тарапынан Абай мен Махамбет оқуларында сынға түсіп жатқан оқушылардың талабы зор деген тілектер айтылды. І орын алған оқушылар облыстық сайысқа қатысатын болады. Облыстық сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік және толағай табыстар тілейміз.
 
 
 





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016