Жетінші сәуір күні Ж.Ташенов атындағы №20 орта мектептің, Байдалина Диана Амангелдіқызы жетекшілік еткен «Ғажайып» құрамасы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен «Наурыз кубогы-2017» Жайдарман ойынына қатысты. Ойынға он бес команда қатысқан болатын. Ойын шарты бойынша, командалар бес минут сәлемдесу және үш минут көрініс дайындауы керек. «Ғажайып» құрамасы жақсы өнер көрсетіп, алғыс хатпен марапатталды.
