Наурыздың жиырмасы күні Ж. Тәшенов атындағы № 20 орта мектебінде Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтің 102 жылдығына арналған «Қазақтың қайсар азаматы» атты іс- шара өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Молдахметова Клара Арғынқызы Жұмабек Ахметұлы Тәшенов туралы қысқаша шолу жасады. Іс- шарада Ж.Тәшеновтың өмір жолына байланысты бейнеролик көрсетілді. 11 сынып оқушылары мектептегі стенттермен, тарих кабинетіндегі мұрағаттармен оқушыларды таныстырды. Мектептегі «Жас қаламгерлер» үйірмесінің оқушылары Жұмабек Ахметұлы Тәшеновке өз өлең жолдарын арнады.




