Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

«Әз Наурыз, елге нұр жауғыз!»

25.03

Наурыз  мерекесі - ел мен елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа ұмтылдырған Ұлы күн. Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсылықтың жаршысы, жаңару белгісі, тіршіліктің тынысы, теңдіктің терезесі ашылып, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлеген тамаша күн. Наурыз - еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі. Айтулы мерекеге орай Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебінің ұжымы да осындай бақыт пен шаттық, тыныштық пен бейбітшілік мерекесіне арналған іс-шаралар өткізілді.  Ұйымдастыру шараларын белгілеп, жауаптыларды анықтау бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, аталған жоспарға сәйкес келесі шаралар ұйымастырылды: «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында  сынып сағаттары өтіп, оқушылар «Ұлыс-жақсы тілектер күні»атты  қабырға газеттерін шығарды.  Сынып сағаттарының мақсаты қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, мейірімділікке, кішіпейілділікке, инабатттылыққа тәрбиелеу болды. Тәрбие сағатында оқушылар салт-дәстүрлерді, ырымдар мен тыйымдарды, ұлттық тағам түрлерін көрсетіп, олардың ұлттық, тәрбиелік мәніне тоқталды. «Дәм-тұзымыз араласқан тату болайық»  тақырыбында тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  Ұлттық киімдер шеруі, сондай-ақ Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.

Мереке «Әз Наурыз, елге нұр жауғыз!» атты  концертке ұласты. Концертте оқушылар  халқымыздың салт-дәстүрінен сахналық қойылым көрсетіп, ұлттық ойындарынан бәсекеге түсіп, музыкалық ән-шашуларын жолдады. Шара барысы арқылы барша қауымды бұл мерекені ерекше тойлайтындығын және ғасырлар қойнауынан жеткен ұлттық салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты екенін жадымызда жаңғырта, зор қызығушылық танытумен  әр көрерменге шаттық пен жақсы көңіл-күй сыйлай білді. Мектеп әкімшілігі жылы лебіздерін жолдап, барша қауымды құттықтады. Кейін  «Көже-ұлттық асымыз» демекші әр қонаққа Наурыз көже таратылды. Аталмыш іс-шараларға әр оқушы, әр мұғалім, әр ата-ана белсене қатысып, ұлттық мерекенің жылдан-жылға мәні мен маңызының артып келе жатқанын айшықтаса, адамдар бірлігін нығайтатынынада көз жеткізуге болады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер