Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Даярлық топтың "Наурыз мейрамы"

16.03

Наурыз – жыл басы! Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың басталғандығын білдіреді. Бұл мереке - ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпының ажырамас бөлігіне айналған мейрамның бірі. Осынау көктен көпке шапағат төгілетін Ұлыстың ұлы күнін 15-  наурыз 2017 жылы «Парасат» мектеп-лицейінің мектепалды даярлық тобында  Наурыз мейрамын бүлдіршіндер  ерекше ықыласпен қарсы алды.  Жұмыстың мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды. Мерейлі мерекені жоғары деңгейде қарсы алуға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар барын салған. Нәтижесі таңдай қақтырарлық.Мектепалды  бүлдіршіндері арасында  ұлттық нақышта концерттік бағдарлама өтіп,   Барлық балалар белсенді қатысып,  өз өнерлерін көрсетіп,  ұлттық киімдерін киіп келді.   Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары ойналды. Наурыз мейрамы өте қызықты өтті. Балалар тек мейрам туралы ғана айтып қойған жоқ, барша азаматқа  жақсылық пен көктей көгеріп-өсе беруді тіледі. Мектепалды тобы мен бүлдіршіндерінің ата –аналары  мерекелік дастарханын жайып, келген қонақтар астан дәм татты. «Тілашар»  рәсімін көрсетіп, ән-шашу шашты. Қыдыр ата келіп барша халыққа өзінің батасын берді. Ата-аналар да өз тараптарынан өнерлерін паш етті.Мектеп директоры  Елеукина Сағат Құрманғалиқызы  Наурыз мерекесімен құттықтап, өткізуге өз үлестерін қосқан ата-аналар мен  ұстаздарға, мектеп бүлдіршіндеріне зор алғысын білдірді. 

 «Парасат» мектеп-лицейінің бастауыш сыныптар бойынша ОТІМ Искакова С.К.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер