Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

"Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні!" бірыңғай тәрбие сағаты

16.03

15 наурыз 2017 жылы «Озерный орта мектебі» КММ бастауыш сыныптарда «Жыл басы - Наурыз», орта және жоғары буындарда «Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарының мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету, оқушыларды елін сүюге, салт-дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Бастауыш сыныптарда «Жыл басы - Наурыз» атты тақырыбында  Қасымханова Мендегүл Мұратқызы тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушылар Наурыз мерекесі туралы  өлеңдер, әндер  орындап, өз білімдерін  ортаға сала білді. Наурыз мерекесі жайлы бейне роликтер көрсетілді.

Орта, жоғары буын сыныптарында «Наурыз- Ұлыстың Ұлы күні» атты тақырыбында Сұлтанғазина Сауле Бейбитқызы тәрбие сағатын өткізді.  Тәрбие сағатының  өтілу барысында, ұлттық мәдениеттің қайта жаңғырту мақсатында «Бесікке салу» рәсімі  көрсетілді. Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, мұғалімдер мен оқушылар қауымы «Наурыз» қазақтың ұлттық мейрамының ерекшеліктерін ашып көрсете білді.













Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер