Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Ертеңгілік

14.12

Айтуар негізгі мектебінде тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай мектепалды даярлық сыныбында шағын орталықтың ортаңғы тобының бүлдіршіндерімен бірге  «Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік ертеңгілік болып өтті. Мерекеге мектебіміздің мұғалімдері, ата-аналар қатысты. Ертеңгілікте тәуелсіз еліміз, тарихымыз, тіліміз жайлы айта отыра, бүлдіршіндеріміз өздерінің жаттаған тақпақтарын, әндерін, елбасымыз жайында монолог оқып көремендерді қуантты. Әсіресе, «Жалаушалар» ойынын өткізгенде, еліміздің рәміздері, Елбасы, Қазақстанның қалалары т.б. сұрақтарға қызыға жауап берді.

   Ертеңгілік соңында Отанымызды ұлттық мемлекеттік деңгейде қорғайтын өр қазақ, ер қазақ, ірі қазақ болып өсуіміз қажеттігін, елдікке жетпей теңдікке жетпейтінімізді жадымызда сақтап жүруіміз керектігін айта отыра,

                         Ойы биік, арманы алыс

                         Жаны жомарт, айқабағым

                         Көкірегі толған намыс

                         Қазағымнан айналайын, - деп өз ертеңгілігімізді аяқтадық.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер