Жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән,сәнді бимен өткізуге ат салысып, жақсы қарсы алдық.
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқанТауық жылынан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Мерекеге тауық киімін киіп келген Сейітжан Дидар өзімен бірге мол жақсылық, елімізге тыныштық,әр отбасына береке, балаларға көтеріңкі көніл күй әкелгенін айтты.
Жаңа жылды тағатсыздана күткен балалар.
Жаңажылдық шыршаның сәнін «Ұлпа қарлар» биі келтірді.Төлебай Ақерке мен Қайырлы Медина нағыз ұлпа қар ма дерсің?
3-сынып оқушысы Даержанов Рамазан қасқыр рөдінде мен 1-сынып оқушысы Жаслан Бексұлтан түлкі рөлінде көрсеткен «Батпан құйрық » ертегісі көрермен көңіінен шықты.
Көрініс «Дағдарыс» Рөлдерле отағасы- мектеп психологі Шамганова А.Ж. жұбайы- Венинг М.И. қызы -Баяхметова М.К.
«Қап,бәлем, қоян!» мульфильм кейіпкерлері мен Мыстан кемпірді кездестіруі