Қаңтардың 4-і сағат 11.00 –де 5-6-сыныптар арасында дене шынықтыру мұғалімі Сыздықов Мейрам Қайырұлының ұйымдастыруымен «Толағай» атты спорттық сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: оқушыларды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту.
Оқушыларды екі топқа бөлді. І топ: «Барыс» , ІІ топ: «Құлагер» тобы.Сайыс алты кезеңнен тұрды. Сайыс өте қызықты , тартымды өтті.
Әділқазылар шешімі бойынша : І орын: «Құлагер» тобы 5-сынып оқушылары , ІІ орын: «Барыс» тобы 6-сынып оқушылары иеленді.Сайыс сонында мақтау қағазымен марапатталды.