Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

«Менің елім, менің Қазақстаным»

05.12

                                                                   
           
Кітапханалық сабақ: Менің елім, менің Қазақстаным
Сабақтың мақсаты: Балалар, бүгінгі Тәуелсіз елдің 25 жылдығына арналған « Менің елім, менің Қазақстаным» атты сабақтың мақсаты:сендердің еліміз туралы білімдеріңді кеңейту, өз еліңді,жеріңді сүюге баулығым келеді.
Сұрақ: Балалар, Біздің елімізде қандай үлкен мереке тойланып жатыр?
Жауабы:Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл
Сұрақ: Осы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесін еліміз қалай тойлап жатыр?
Жауабы: 25 жұлдызды күндер өтіп жатыр .
Сабағымызды жалғастырамыз
1-Жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар, оқушылар? «Отан оттан да ыстық» дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса ,оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.
2-Жүргізуші: назарларыңызғаОтан туралы жаттау орындайтын: Отан- тарих,Отан -тіл Жасаған елің ,өз халқың. Отан- өлең,Отан жыр Көтерген көкке ел даңқын. Бірлік түбі –мереке. Ақ білектің күшімен,, Ақ найзаның ұшымен Ел болуды ойлаңдар!
1-жүргізуші: Ал енді Тәуелсіздік тарихына ой жүгіртейік
1-Оқушы: 1990 жылы 25 қазанда Республика жоғарғы кеңестің сессиясы Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Деклорация қабылдады.
2-Оқушы: Қазақстан біздің сүйікті атамекеніміз.1991 жылы желтоқсанның 16-сы оның тарихындағы ұлы күн.Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. слайд
3-Оқушы: 1992 жылы 28 қаңтарда Қазақстанның Ата Заңы Конституция қабылданды.
4-Оқушы: 1993 жылы маусымның 4-де Қазақстанның нышандары – мемлекеттік Туын,Елтаңбасын,Әнұранын бекітті.
5-оқушы: Бәрі болған қазақ сынды көне елде Жахандағы ең жауынгер халықта Кім сенеді,Ту болмады дегенге? ( Тудың суреті)
6-оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған Ер түркіні байрағынан таныған Өзі ақын, өзі әнші халықта Кім айта алар болмаған деп-Әнұран ( Әнұран жазылған парақ)
7-оқушы: Бас білгізіп жер тарпаңға Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға. Қалай оның Елтаңбасы болмайды Түлігіне дейін салса ен таңба? (Елтаңбаның суреті)
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасының азаматтары,сондай- ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге міндетті. ( Мен қазақтың баласымын - хор)
1-жүргізуші: Ал енді Тәуелсіздік жайлы ой-толғауға құлақ түрелік.( Тәуелсіздік туралы 7 сөйлемнен тұратын эссе)
2- оқушы өздері жазған эсселерін оқиды.
2- жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық аясында біздің гимназияның 20-жылдық мерекесі де атап өтілгенін білесіздер.( слайд) Ән немесе күй орындалады ( Жұлдыздар биі)
1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығында біздің әдебиетіміз,мәдениетіміз дамыды.Ал біздің жазба әдебиетіміздің басында тұрған ақын-жазушыларымыздың өлеңін тыңдайық ( А.Құнанбаевтың 1 өлеңін оқу)Ескендір поэмасы, Көзімнің қарасы әні
2-жүргізуші: Тарих пәнінің мұғалімі Сәния Думанқызы Тәуелсіздік тарихы туралы сіздерге айтып өтеді
1-жүргізуші: Әнімізді,жырымызды тыңдап,ерлігімізді,тірлігімізге қарап, Қазақ елі – мәңгілік ел болса дейміз!
        

                        


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер