8-ші желтоқсан «25 жұлдызды күн» аясында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ескенова Айдана Токтагуловна 7«А» сыныбында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс шара барысында мұғалім елбасының халыққа жолдаған «Нұрлы жол» жолдауымен таныстырып, жолдаудағы басты мәселелерге шолу жасалды. Мұндағы басты мақсат оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеуге бағытталды.