Егеменді елімнің ертеңімін
09.12
2016 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіз ел болғанына 25 жыл болғалы отыр. Тәуелсіздік – қасиетті, киелі ұғым. Ол ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы, үміті мен сенімі. Ол - азаттықтың алтын арқауы, елдігіміздің мызғымас тұғыры.
«Еліміздің ертеңі – білімді ұрпағымызда» деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Сол білімді жастарды болашақта осы оқушыларымыз құрайтын болады.
Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаев: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез, деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық» деген. Қазіргі таңда тәуелсіздігіміздің баянды болуы – білімді ұрпақтың қолында. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» 25 жұлдызды күн акциясы өтуде. Дәл бүгінгі күн 9-желтоқсан – Білім күні.
Осы мақсатпен бүгін 3-сынып оқушылары арасында «Егеменді елімнің ертеңімін» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Мақсаты: Тәуелсіз елдің ертеңі – білімді жастарда екендігін ұғындырып, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сынып аралық қарым – қатынасты нығайту.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу