2 желтоқсан күні, яғни «Ұлы дала Елі» жоспарына сай «Отбасы құндылықтары » күні қызықты түрде өтті. Әр сыныпта «Бір Отбасы – бір халық» ааты тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Бастауыш сынып мұғалімдері ерекше түрде сабақтарын өткізді: 1 сыныптың мұғалімі Жүсіпова Ә.Т. «Отбасым - алақанымда» атты сюжеттік ойын өткізді. Оқушылар белсенді қатысып, көңіл күйлерін көтерді. Балалар өз ойларын ашық айтып отбасы туралы әңгіме жүргізді. 6 сынып пен 5 сынып оқушылары Амандыкова Г.Т. тақырыпқа сай постер құрып, сахналық көрініс ұсынды. 4 сынып пен 3 сынып сынып жетекшілердің ұйымдастырумен Отбасына деген , Отанға деген сезімдерін дайындаған кинометафора арқылы көрсетті. 10,11 сыныптар «Отан отбасыннан басталады» атты презентация дайындап келген. Онда өз сезімдерін толық көрсетуге тырысқан. «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасылық спорттық ойыны э стафета түрінде өтті. Қаңғожиндар отбасы, Макентаевтар және Шакен отбасылары ұл – қыздарын қолдап белсенді түрде ат салысты.