«Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім» атты ашық сабақ
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже:
Сабақтың түрі: «Ауызша сабақ 1»
Әдісі: диалогтық оқыту, жеке жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, БжС технологиясы
Ойынға талдау:
Сабаққа жалпы 6 «А» сыныбының 20 оқушысы қатысты. «Қазақша сөйлесейік» деген тақырыптағы бейнекөрініс тамашалап, өздерінің ойларын білдірді. Басты мақсат ретінде берілген – тәуелсіздік пен тілдің тұтастығын дәлелдеді.
Бірнеше оқушы тіл туралы өздерінің жүрекжарды өлеңдерін оқып, сабаққа қатысқан оқушылар мен көрермендердің жүректеріне жылы сезім сыйлай алды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай, әрбір оқушыға бір-бір гүлден беріліп, оларға сұрақтар қойылды.
Сабақ барысында ұтымды диалогтар мен монологтар қолданылды, оқушылар берілген тақырып бойынша эссе жазды. Нәтижесінде, ең үздік жазылған эссе таңдалды.
Сабақ «6 телпек» әдісі арқылы қорытылып, әрбір телпекті киген оқушылар берілген тақырып бойынша жақсы сөйлей алды.
Іс-шара үшін жауапты:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – А.Ж.Құлатаева