Бүгін, яғни 29 қараша күні Қазақ мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, еңбекқұмар, білімге құштар, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті.