21 қаршада Мектеп бойынша «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» салтанатты линейка өткізілд. Салтанатты линейканы мектеп директорының міндетін атқарушы А.Б.Исина мен оқу ісі меңгерушісінің міндетін атқарушы Г.Э. Мухамедьянова ашты . 22 қараша күні «Менің елім -Қазақстан» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сурет көрмесін ұйымдастырушы бейнелеу пәнінің мұғалімі Ж .Е. Алибекова және сынып жетекшілер. Оқушылар Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арнап тақырыпты, терең ойлы, елдің көркейіп дамып келе жатқан шағын суретпен бейнелеп салды. Сурет бойынша жүлделі оындар беріліп , марапатталды. 1 орын 8-сынып оқушысы Сағынай Абазал, 2 орын 8-сынып оқушысы Алибеков Диас, 3 орын 4- сынып оқушысы Амантаев Әлібек марапатталды.«Менің туған өлкем»электронды презентация өткізілді. Ұйымдастырушы тарих пәнінің мұғалімі У.К. Закирьянов. Қазақстанның барлық жерін , табиғатын , көркейіп дамып кележатқанын көрсетіп түсіндірді.Оқушыларда өз ойларын қосып, елордамыз Астана қалай өркенднгенін сөз етті. Сыныптан Сабақ өте тартымды өтті. 24 қараша күні орта буын оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері » атты дөңгелек үстел өтті. Тақырып бойынша едіміздің тарихына виртуальді саяхат сабақ өткізілді.