"Мен Қазақстанның азаматымын" ашық сабақ
24.11
24 қарашада 9 – сынып оқушыларымен «Мен Қазақстанның азаматымын» тақырыбына ашық сабақ өткізілді. Сабақ «Мен кіммін?» деген ой қозғау тренингімен басталды. Оқушылар: адаммын, жеке тұлғамын, болашақ маман иесімін, азаматпын, оқушымын т.б. жауап берген соң, АЗАМАТ сөзінің мағынасына мән берілді. Оның тамыры тереңде. Ол – тарихың, тілің, дінің, ділің, рухың... дей келе, еліміздің рәміздерімен байланыстырып қорытындыланды.
Адам туа салысымен азамат болмайды, ол тәрбиемен, біліммен, қоршаған орта әсерімен азамат болып қалыптасады. «Азамат» – ұлы сөз. Азамат болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? – деген сауалға оқушылар өз ойларын білдірді. «Ақын болу, болмау өз қолыңда, ал азамат болу – міндетің»; «Ізгілікке ұмтылу адам жаратылысының өзінде бар нәрсе»; «Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ» - деген даналардың айтқан сөздерінің мағыналары ашылды.
Адам өмірі бір – бірімен тығыз байланысты КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ кезеңдерінен тұрады. Ал азамат болу ажырамас 3 жолдан құралады. Олар: ОЙЛАНУ – ең ізгі жол; ЕЛІКТЕУ – ең жеңіл жол; ТӘЖІРИБЕ ЖОЛЫ – ең ауыр жол.
Сабақ Ә. Кекілбаевтың «Адами қасиет – сөз бен істің үйлесімдігі» және Н.Ә. Назарбаевтың
«Мемлекет құрып, оны нығайту, қалалар салу, керуен жолдарын тарту, ғылыми трактаттар жазу, төл мәдениетін қалыптастыру – бәрі, бәрі де жасампаздыққа жатады» сөздерімен тиянақталып, кері байланыспен қорытындыланды.
Кішкенекөл қазақ мектеп – гимназиясының тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі – Жумажанова З.А.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу