Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық іс- шаралардың басталуы
21қараша
-Аптаны 8:30-да Әнұранды шырқаудан бастадық. Оқушылар кеуделерін қуаныш кернеп, Әнұранымызды әуелете шырқады.
-12:00-де ҚР Тәуелсіздігінің 25жылдығына арналған «Бірлік. Тәуелсіздік. Прогресс» акциясының басталғаны туралы хабарланды.Акцияның мақсаты, жоспары таныстырылды, әр күннің тақырыбына сәйкес іс-шаралар өтетіндігін, белсенді қатысулары керектігі айтылды. Акция барысында «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы насихатталатыны, Мәңгілік ел- біздің Қазақстан екендігі, елмен бірге ана тіліміз де мәңгілік болатыны жөнінде мақтанышпен айтылды.
1-күннің тақырыбы «Ата заң», ол туралы тарих пәні мұғалімі Есмұқанов Сайлаубек Көлденұлы баяндама жасады, Конституциямыз жөнінде оқушылардың білімдерін толықтырды. Фотолар көрмесі - http://b083.sko.agartu.kz/photo?album=1479873020671022