17 қарашада Қазақ мектеп-гимназиясы, СҚ педагогтарының бірлестігі және СҚО жастар маслихатымен бірлесіп қалалық білім бөлімінің қолдауымен, «Мемлекеттік емтихан тапсырудағы өзгерістер» атты семинар-тренинг өткізді. Семинар 3 бөлімнен тұрды. Бұл іс-шараға мектеп белсенділері мен 11 сынып оқушылары қатысты.
Семинардың мақсаты оқушыларға өзгерістер жайлы толық мағлұмат беріп, ойларын ортаға салып, талқылау болды. Семинарға №,5,9,23,43,ҚМГ мектептерінен 60 оқушы қатысты. Оқушылар тренингтен өздеріне деген сеніммен, жақсы көңіл күймен тарады. Оларға семинарға қатысушы сертификаттары табыс етілді.