"Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең.Ауылыңда ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең" деген екен біздің бабаларымыз.Иә, өткенімізді осы үлкендерсіз елестету мүмкін емес.Біздің бүгінгі нұрлы өміріміздің, алаңсыз күлкі, тәтті ұйқымыздың да бейбіт сақшысы бола білген, самайларын қырау шалып, жүздерін уақыт әжімі торлаған данагөй қарияларымыз бен ақ жаулықты әдемі әжелеріміз емес пе?Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп,үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды ата-баба аманатына адал, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңірген,еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеуді мақсат еткен іс - шара мектебімізде өтті.Ардагер ұстаздарымыз Ш. Хаймуллин,Г. Төлетаева, М.Мұқажанова қонақ ретінде шақыртылып, құрмет көрсетілді.Халықаралық қарттар күні мерекесі елімізде 24-рет тойланғалы отыр.Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы,адал,шыншыл азаматетіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз.Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп,еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасына амандық тілейміз.Қарттар күніне арналған концерттік бағдарламадан соң, ардагеұстаздарымызға мерекелік дастархан жайылып,құрмет көрсетіліп, сый-сияпат көрсетілді.