"Ұстаз" деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. "Ұстаздан тәрбие алған" немесе "Ұстаз алдын көрген" деген сөздер "ана тәрбиесін алған" деген сөздермен ұштасып жатады.Ұстаздар мерекесіне орай мектебімізде оқушылар өзін-өзі басқару күнін өткізіп, мұғалімдерге құрмет көрсетті.Алдымен таңертеңгілік мұғалімдерді гүлшоқтарымен қарсы алған оқушылар оларға қошемет көрсетті.Оқушылардан мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері тағайындалып, сабақ өткізілді.Мұғалімдерден 12 сынып жасақталды.Ұстаз-ұлағатты есім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,адамгершілік рухта бағыт - бағдар берудееңбегі зор.