Еңселі білім ордасы
24.10
Аталмыш шараға жиналғандарды құттықтаған гимназия директоры Күлтай Мұқанова білім ордасының осы уақыт ішіндегі жетістіктеріне тоқталды. 1996-2016 жылдар аралығында 21 түлек гимназияны «Алтын белгіге» бітірсе, тағы 31-і ерекше үлгідегі аттестат иегері атанды. Мектеп бітірушілердің 12-сі мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдерден білім алып, бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
«Мәңгілік ел» ұрпақтарын тәрбиелеп, білім саласында көп жылдардан бері шығармашылықпен еңбек етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген ұстаздар көптеп саналады. Олардың ішінде жеті мұғалім қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің, тағы төртеуі облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Каринованың атынан Құрмет грамотасымен марапатталды. Қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлмира Кәрімованың атынан жеті ұстаз Құрмет грамоталарын және Алғыс хаттарын алды.
Гимназияның өткен өмірінен сыр шертетін «Жұлдыздар шеруінде» білім ошағының құрылғын сәтінен бастап бүгінгі күнге дейінгі 20 айшықты сәті туралы бейнеролик көрсетілді. Соның ішінде 1997 жылы білім ордасына келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы да бейнетүсірілім бар.
Білім ошағының 20 жылдығына арналған шарада Сафуан Шәймерденовтың туысы Сайын Шәймерден, гимназияның алғашқы басшысы Жангелді Тәжин және басқалары сөз алып, өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, мектептің еліміздің әр түкпірінде еңбек етіп жүрген түлектерінің бейнеқұттықтаулары тыңдалды.
Жиналғандар оқушылар ұйымдастырған концертті тамашалады.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу