15.04 күні Экологиялық айлығы аясында мемлекеттік тілде оқитын 5-6 сыныптар үшін үлкен үзілістерде «Шығармашылық үзіліс» іс-шара өтті. Оқушылар қалаған жануарлардың суреттерін бояп Quiver бағдарламасымен суреттеріндегі жануарларды жандандырды. Сонымен қатар, оқушылар Animal4D қосымшасын пайдаланып жабайы жануарлардың суреттерін жандандырды, осы бағдарлама арқылы жануарлардың морфологиясын, дауыстарын 3D анимация арқылы зерттеді. Балалар шығармашылық пен белсенділікті танытты.
Толығырақ
Экологиялық айлығының аясында 18 сәуір күні мектеп кітапханасында мемлекеттік тілде оқитын 5-6 сыныптар арасында «Табиғат білгіштері» командалық викторинасы өтті. Викторина бес кезіңнен тұрды: «Ертегідегі жануар кейіпкерді анықтау», «Табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы Quizizz викторинасы», «Допты шытырман арқылы откізу» тимбилдинг сайысы, «Адасқан әріптер» әріптердің орнын тауып, табиғат туралы мақалдарды анықтау, «Табиғат туралы ребустарды шешу». Оқушылар белсенділік танытты. 6-сынып командасы жеңіске жеткенімен, 5-сынып оқушылары жұмбақ, мақал-мәтел шешуде жақсы өнер көрсетті. Олар ертегілер мен мультфильмдердегі жануарлардың кейіпкерлерін жақсы білетінін көрсетті. Оқушылар адам мен табиғаттың бір-бірімен байланысы туралы, табиғатты қорғау керектігі туралы ойынның қорытындысын шығарды. Викторина нәтижесінде 6-сынып командасы жеңіске жетті. Сонымен бірге, 6-сынып оқушысы Мұсабек Райымбек викторинаның үздік ойыншы атанды.
Толығырақ
22 сәуір күні экологиялық айлық аясында 10 сынып оқушылары арасында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде "Жиырма бірінші ғасыр көшбасшылары" экологиялық зияткерлік ойыны өтті. Ойын оқушылар арасында көптілділікті насихаттауға, экологиялық сауатты оқушыларды анықтауға бағытталды. Іс-шара 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең "Логика қайда?" форматында өтті, оқушылар ұсынылған суреттер бойынша экологиялық проблемаларды, экологиялық терминдерді анықтап, оларды ағылшын, қазақ және орыс тілдеріне аударды. Екінші кезең "Миллион кімге бұйырады?" ойыны форматында өтті, экологиялық тақырыптағы тест тапсырмалары үш тілде ұсынылды. Оқушылар осы кезеңде ағылшын тілін жақсы меңгергендерін көрсетті. Ойынның үшінші кезеңі командалық жарыс түрінде өтті, команда мүшелері допты лабиринт арқылы өткізуге тырысты. Бұл жерде командалардың бірлігі мен үйлесімді жұмысы қажет болды. Бұл кезең өте қызықты өтті. Ойынның соңғы төртінші кезеңінде қатысушылар ғаламдық экологиялық проблемалар бейнеленген пазлды құрып, проблеманың пайда болу себептерін, сондай-ақ осы проблемамен күресу шараларын анықтады. Бұл кезең топтық жұмыс пен шешендік өнерді көрсетуді қажет етті. 10 "Б" сынып оқушылары осы кезеңдегі тапсырмаларды жақсы орындап шықты. Ойын барысында командалар жинаған ұпайларды есептеу қорытындысы бойынша үшінші орынды 10 "Ә" сынып оқушыларының командасы, екінші орынды 10 "В" сыныбының командасы, ал бірінші орынды 10 "Б" сыныбының командасы иеленді. Оқушылар өздерін экология білгірлері ретінде ғана емес, сонымен қатар бірнеше тілде сөйлейтін тұлғалар ретінде көрсетті. Ойын қатысушыларына белсенді ұстанымдары үшін алғыс айтамыз, болашақта оларға үлкен табыс тілейміз!
Толығырақ
В преддверии празднования 80 летия со Дня Победы в КГУ «Средняя общеобразовательная школа-комплекс эстетического воспитания № 8» состоялся конкурс чтецов на тему « Жеңіс күніне арналған”. Конкурс был посвящён произведениям о Великой Отечественной войне, героях, подвиге народа, памяти о Победе. Цель: Развитие интереса к литературе о войне,формирование гражданственности, патриотических чувств у учащихся. Каждый чтец выбрал произведение, отражающее трагедию войны и подвиг людей. После завершения выступлений — подведение итогов, вручение грамот и благодарностей.
Толығырақ
