10 - тамыз Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Дарын» мектеп- лицейінде іс- шаралар өткізілді
10.08.202210 тамыз – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысының толықтырылуымен «Абай күні» ретінде 2020 жылы белгіленген дәстүрлі мереке. «Абай күнін» атап өту хакім, ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасын ұрпақ санасында жаңғыртуды, ақын ілімі негізінде азаматтық ұстанымын қалыптастыруды мақсат етеді.Осыған орай 10 тамыз күні «Дарын» мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Рамазанова А.М., Бектембаева Ж.Б. ұйымдастыруымен танымдық іс-шара өткізілді. «Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге» тақырыбындағы іс-шараға 6 «Г» сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы бейнежазба, таныстырылым, кітап көрмесі арқылы танысты. Нәтижесінде балалар қызықты викторинаға қатысып, тақырыптық сөзжұмбақ шешті. Жазғы демалыста жүрген оқушылар мектепке келіп, ұсынған ақпаратты мұқият тыңдады, өз білімін толықтырды, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Community discussions
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb