Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды
12.01.2022Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал. Сандық технологияны қолдану көптеген кәсіби салаларда басты талап болып саналатыны ешкімге құпия емес. Бұл, әрине, білімге қатысты. Енді цифрлық технологиялардың көмегімен педагогтер материалды тиімді ұсына алады, сондықтан оқу мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Адами капиталды дамыту» бағытында берілген «Орта, техникалық және жоғары кәсіби білім берудегі цифрлық сауаттылықты арттыру» бөлімін кеңінен дамыту керектігін атап өткен. Қазақстанның жалпы орта білім беру саласы жаңартылған білім беру мазмұнына толығымен көшіп отыр. Жаңартылған оқу бағдарламасының жаңа құрылымының мазмұны 10 бөлімді қамтиды, соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі де көрсетілген. Сол себепті жаңартылған білімге жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Жаңартылған білім беру мазмұны сапалы білім беруге негізделген. Оқу жылынан бастап мектебімізде АКТ танымдық-тәжірибелік сағаттары өткізіліп келеді. Мұғалімдерге бірнеше ресурстар мен сервистердің пайдалануы бойынша скринкасттар жасаланып, көрсетіліп отырды. Жоспарға сәйкес бірінші жарты жылда ұстаздар меңгерген ресурстар мен сервистері бойынша практикалық жұмыстарын ұсынды. К.Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады», - деген екен. Бүгінгі күн- білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын жоғары индустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз»,- деген еді.
Фото https://www.instagram.com/p/CYlmW6otQBM/
Фото https://www.instagram.com/p/CYlmW6otQBM/
Community discussions
День Знаний
1
399
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb
