Сәрсенбі күні,яғни 17 наурыз күні 11сынып оқушылары арасында"Береке" ықшам ауданының "Мухсит" мешітінің Аблай имамының қатысуымен «Имандылық – ізгілік негізі» атты имандылық сағаты өтті
17.03.2021Сәрсенбі күні,яғни 17 наурыз күні 11сынып оқушылары арасында"Береке" ықшам ауданының "Мухсит" мешітінің Аблай имамының қатысуымен «Имандылық – ізгілік негізі» атты имандылық сағаты өтті.
Аблай имам біздің оқушыларға
Иманды адам - сабырлы,мейірімді, әдепті ,қамқоршы,төзімді,шыншыл, отансүйгіш,арлы болуы керек деп түсіндірді.
Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған деп айтты.


Community discussions
День Знаний
1
412
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb
