Сүйіспеншілік күні, Ақиқат күні

13.02.2019

Сүйіспеншілік күні

«М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ қабырғасында «Өзін-өзін тану» пәні бойынша онкүндік аясында ақпанның он екісі  «Сүйіспеншілік күні» болып өтті. Күні бойы мұғалімдер сабақтарда, сабақтан тыс уақытта оқушылармен сүйіспеншілік, махаббат туралы сөйлесті. Үзілістерде «Мен махаббатпен бөлісемін» атты акция өтті, акция кезіңде оқушылар бір-біріне, мұғалімдеріне өздерінің тілектерін жүрекшелерге жазып, сүйіспеншілікпен сыйлады. Мектеп ұжымы махаббаттың түсі болып танылған  қызыл түсті киім киіп,  басқаларға сүйіспеншілік сезімін көрсетті.



Ақиқат күні

«М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ қабырғасында «Өзін-өзін тану» пәнінің онкүндігі өтіп жатыр. Сол себепті   ақпанның он үшінші жұлдызы «Ақиқат күні» болып белгіленді. Күні бойы мұғалімдер оқушыларымен және әріптестерімен ақиқат пен шындықтың маңызы  туралы сөйлесті. Үзілістерде оқушылар және мұғалімдермен «Шындық немесе әрекет» атты ойын өтті. Ойын шарты бойынша берілген сұрақтарға шынайы жауап беру немесе бір әрекет орындау таңдауы берілді. Көп балалардан шынайы жауап естідік.  Мектеп ұжымы ақиқаттың, шындықтың түсі ретінде көк түсті киім киіп, күні бойы тек ақиқат ақпараттар айтып жүрді.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Reply

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Reply