Меню KDT
ru kz en
News | all news

«Мектебім –алтын ұя мекенім» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы

18.09

2017 жылдың 18-ші қыркүйегі күні жұлдызды онкүндік салтанатты түрде ашылды. 2007 жылы «Севимсталькон» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылысымен 19 шағын ауданында 1100 балаға шақталған Қазақ мектеп-гимназиясы ашылған болатын. Мектептің ашылу рәсіміне облыс әкімі Тайыр Мансуров қатысып, тұсауын кескен. Биылғы оқу жылында Қазақ мектеп-гимназиясына 10 жыл толып отыр. Осыған орай мектебімізде «Мектебім –алтын ұя мекенім» тақырыбында 10 жұлдызды күн аталып өтпекші. Онкүндік аясында әртүрлі іс-шаралар, қолөнер байқаулары, түлектермен кездесулер, ата-аналар арасында эстафеталық жарыстар, «Екі жұлдыз» ән байқауы, ата-аналар арасында волейболдан жарыс, фотоколлаж және бейнероликтер байқаулары, әдістемелік бірлестіктер арасында көңілді сөрелер, ертеңгіліктер және «Жас түлектер» аллеясы ұйымдастырылып өткізілмекші. Сапқа тұру барысында осындай аталған іс-шаралар, мектептің хронологиясы таныстырылып, тілектер айтылды.







View the news on the website of institutionBack to the news list

Comments


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
The last discussions | all discussions

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Partners