Қазақстан халқы бірлігінің күні қарсаңында «Тоқсан би орта мектебі» КММ-нің білім алушылары үшін сынып сағаттары өткізілді. 1-4 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты интерактивті қызмет элементтерімен танымдық әңгімелесу түрінде өткізілді. Оқушылар мерекенің тарихымен танысып, Қазақстан Республикасының көпұлтты құрамы, бейбітшілік пен достықтың нышандары туралы білді.
Read more
