Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты» тақырыбында облыстық семинар

28.04

Облыстық ресурстық орталықтар Қауымдастығының қызметі шеңберінде ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Новошим қазақ орта мектебінің базасында ресурстық орталықтар мен магниттік мектептердің педагогтарына арналған «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинардың бірінші бөлімінде мектеп, интернат, әкімшілік ғимарат бойынша экскурсия өткізілді, онда интернат тәрбиеленушілері мен ресурстық орталық оқушыларына арналған асхана мен акт залы орналасқан. Семинарға қатысушылар мектептің, интернаттың материалдық-техникалық жабдықталуын және ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастыру және оқушыларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.
Семинардың практикалық бөлімінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим қазақ орта мектебі және Калиновка орта мектебінің екі ресурстық орталығының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті. Новоишим қазақ орта мектебінің мұғалімдері: география-химия пәнінен «Азияның жүрегіндегі Ұлы Дала Елі. Өтпелі металдардың биологиялық рөлі» география пәнінің мұғалімі Т.Ахмет және химия пәнінің мұғалімі М.А.Торегельды; физика-информатика пәні бойынша «Толық ішкі рефлексия. Семинар. Алгоритмдерді бағдарламалау» физика пәнінің мұғалімі К.К.Жумагалиев және информатика пәнінің мұғалімі А.Б.Закирьянов; математика пәнінің мұғалімі А.К.Нугуманова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Н.Рамазанова, бастауыш сынып мұғалімдері К.Ж.Нурахметова және М.Е.Ильясова, тарих және география, қазақ тілі, бастауыш сыныптар, математика пәндерінің мұғалімдері шеберлік сыныптарын өткізді. Калиновка орта мектебі мұғалімдері: тарих және құқық негіздері мұғалімі Н.В.Финце, география мұғалімі Н.В.Евич мастер –класстар өткізді.
Магниттік мектептердің оқушыларымен жұмыс тәрбие бағыты бойынша да жүргізілуде: Новоишим қазақ орта мектебі педагог-кәсіби бағдаршысы Т.Б.Сердалина 11 сынып оқушыларымен қызықты квест-ойын өткізді.
Семинарға Қызылжар, Шал ақын, Есіл, Жамбыл, Айыртау, Темірязев, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың ресурстық мектептерінің педагогтары қатысты.
Семинар Новоишим қазақ орта мектебі және магниттік Шұқыркөл орта мектебі оқушылары дайындаған рефлексиямен және концертпен аяқталды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер