Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

«Шахмат ойнау» челленджі

12.04

Шахмат — логикалық ой өрісті машықтандыратын спорт түрі. Шахмат сөзі парсы тілінде "шах" патша, "мат" өлді дегенді білдіреді. Әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі саналады.

Шахмат спортының отаны – Үндістан. Біздің дәуірімізге дейін бір ғасыр бұрын пайда болған. Шахмат жайлы көне аңыз бар. Шахматты ойлап тапқаны үшін брамин (жасаушы) раджыдан, яғни патшадан оны жасап шығарғаны үшін азғантай ғана үстеме сұрайды: шахмат тақтасына неше бидай дәнегі сыйып кететін болса, соншалығын алып тұруы керек. Әрбір торға бір дәнектен орналастырса, ол кейіннен екі есеге көбеюі тиіс. Нәтижесінде патшаға 18446744073709551615 (18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 73 биллион 709 миллион 551 мың 615) бидай дәнегі қажет болып шығады. Бұл дегеніңіз бүкіл әлем бидай қорын бір ортаға жиыстырып қойсаңыз да, сан көрсеткіші белуардан аспайды.

Шағын ғана шахмат тақтасы ойыншылар үшін көптеген айла-тәсілді орындайтын соғыс алаңы. Ойын кезінде егер шахматшы бірінші болып жүретін болса, онда ол ойынды бастау үшін 20 түрлі тәсілді пайдалана алады, ал қарсыласы жауап қайтару үшін 400 түрлі төтеп беру жолдарын қарастырмақ. Сол себептен шахматшылар әр қадамын байыппен орындайды.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/sport/bul_kyzyk/20167/


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер