Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

Мектеп мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мектеп оқушыларына арналған экскурсия ұйымдастырылды.

21.11

«Калинов орта мектебі» КММ-нің ұлттық мәдениет пен тұрмыс мұражайына экскурсия ұйымдастыру туралы анықтама
Тарих туған жерден басталады, сондықтан әр адам өзі тұрған қаласының, елді мекенінің жері мен азаматтарының тарихы туралы білгені жөн. Сол мақсатпен «Калинов орта мектебі» КММ-нің мектеп мұражайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мектеп оқушыларына арналған экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияның мақсаты: оқушыларға ұлттық мәдениет пен тұрмыс мұражайы жайлы, ауылдың дамуына үлес қосқан тұлғалар мен жерлес ақын, жазушылар туралы түсінік беру, оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту.
Саяхат барысында оқушыларға бірінші мұражай туралы түсінік берілді. Мұражай – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.
Экскурсия қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Садыкова Асель Нурлановнаның жетекшілігімен өтті. Балалалар мұражай экспонаттары мен тарихи құндылықтарымен танысып, киіз үйдің жабдықтары мен тұрмысына байланысты атауларды қайталап, сөздік қорларын байыта түсті. Сондай-ақ оқушыларды өңіріміздің танымал тұлғалары жайындағы ақпарат өте қызықтырды. Олар мұғалімге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, барлығын естеріне сақтауға тырысты. Оқушылар мұражайға барғандарына өте қуанышты болды, көрген экспонаттардан көптеген жаңа әсер алды.
На изображении может находиться: 4 человека, люди стоят и в помещении
На изображении может находиться: 10 человек, люди стоят, костюм и в помещении
На изображении может находиться: 1 человек, стоит и в помещении
На изображении может находиться: 10 человек, люди улыбаются, люди стоят


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры