Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

Қазақ тілі декадасы

26.03

 Полтавка орта мектебінде 11.03.-20.03.19ж.  аралығында қазақ тілі декадасы өткізілді.

Декада  салтанатты ашылуымен басталды. 6 сынып оқушылары  қазақ тілінің маңыздылығы туралы жатқа өлең оқып, жұмбақтар жасырды.

5-6 сыныптар арасында «Кел, қазақша үйренейік!» деген сайыс сабағы өтті.  Сыныптар «Ақылдылар» және «Достар» атты топтарға бөлініп әр түрлі тапсырмалар орындады. Бірінші орынға 6 сынып оқушылары «Достар» тобы ие болды. Шаукаров Д., Амангельдинова С., Касенов Ф. ойынға белсенді қатысты.


Мектеп фойесінде «Менің сүйікті елім» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. 1-6 сынып оқушылары өз  бейнелеу өнерлерін көрсете білді.

1-2 сыныптар арасында «Мен қазақша білемін» атты сайыс өтті. Сыныптар екі топқа бөлініп, қызықты тапсырмалар орындады. Жүлделі орынға «Жігер» тобы ие болды.  Оқушыларға сайыс өте ұнады.


7-8 сыныптар аралығында «Кім жүйрік?» интеллектуалдық  ойын өткізілді.  «Достар» мен «Жұлдыз» атты топтар бір - бірімен жарысты. Жүлделі орынға  «Жұлдыз» 7- сынып оқушылары ие болды. Балалар ойынға өте белсенді қатысты.

9-10 сыныптар аралығында «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты интеллектуалды сайыс өтті. 9-сынып «Алғырлар» тобы аталып, 10- сынып «Тапқырлар » тобы болып аталды. Сайысқа оқушылар белсенді қатысып, қызықты тапсырмалар орындап, өз білімдерін көрсете білді. Бірінші жүлделі орынға 10- сынып оқушылары ие болды. Сайыста ерекше белсенділік танытқан 10- сынып оқушылары:  Коляда Н., Курило В., Шаукаров Д.

«Салтым менің- алтын қазынам» атты іс-шара өтті.   Бұл шарада ежелгі «Көрісу» салты туралы ақпарат берілді. Кейбір оқушылар «Көрісу» салтын көрсетті.

1-11 сынып оқушылары  «Өнерпаз болсаң арқалан» атты әдеби сайсына қатысып, өз өнерлерін ортаға салды және жүлделі орындарға ие болды.  Бірінші орынға: Бексултанова Дарина 1-сынып, Мурзахметова Айнур 7-сынып,  Курило Владимир 10-сынып  оқушылары ие болды. 2-орынға: Волуевич Артем 4-сынып, Шаукаров Даниял 6-сынып, Байсмакова Раушан 9-сынып оқушылары ие болды. 3-орынға: Баширова Лейла 3-сынып, Оразалин Алишер 4-сынып, Бабинова Каролина 5-сынып,  Қалық  Лязат 11-сынып оқушылары ие болды.


3-сынып оқушылары 2 топқа  бөлініп «Білгірлер» сайысына  қатысты.Оқушылар өз білімдерін белсенді түрде көрсете білді.

18 - наурыз күні «Наурыз -Думан» шаттық шеңбері өтті.

 Бастауыш сыныптар арасында «Нұр сұлу» сайысы өтті.  Сайыс өте әдемі, және қызықты өтті. Қыздар би билеп, өлең айтты. Жүлделі орындарды:   1 орын Баширова И., 2 орын Брунш М. 3 орын Глыняная Д.  Өзге сайыскерлер әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Дене шынықтыру мұғалімдері  «Қазақ халқының ұлттық ойындары» спорттық сайысын өткізді. Оқушылар жүлделі орындарға ие болды.

«Армысың, әз Наурыз!» қазақ тілі декадасының салтанатты жабылуы болды.

 

 

 

 

 


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры