Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

«Қош келдің, Наурыз !»

24.04


Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектебінде  20 Наурыз күні бастауыш сыныптар арасында «Қош келдің, Наурыз !» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге барлық бастауыш сынып оқушылары және мұғалімдер қатысты. Наурыз мерекесі екі тілде өтті.  Мерекеміздің  басы жүргізушілердің сөзімен басталып, кейін көңілдерін көтеруге би биленді. Жүргізушінің сөзі:

Құрметті ұзтаздар, ата-ана,оқушылар! Ата-бабамыздың көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан салт-дәстүріміздің бірі,-Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді,әр адам келер жылдан үміт күтіп,оны ақ тілекпен қарсы алады.Мерекемен құттықтап дендеріңізге саулық, жан ұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыз тілеймін. Жаңа жыл сіздерге бақ сыйласын!
Наурыз мерекесі- ерте кезден бастап, тойланып келе жатқан халықтың тұрмыс тіршілігіне байланысты мереке. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» сөзі «нау»-жаңа, «рыз»-күн деген. Ал қазақ тілінде «наурыз» сөзі 1-шіден- жыл басында тойланатын думанды ұлттық мейрам,2-шіден –наурыз айы,3-шіден –ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күні аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, мал төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн. Жаңа жыл келсе-құт келгені халайық! Есік ашып, ел боп қарсы алайық.

Наурыз мерекесінде әр сынып өз өнерлерін көрсетті, арасында қазақтың ұлттық ойындары  «Арқан тартысу» , «Білектесу», «Соқыр теке» ойнатылды. Шашу шашылып балалар мәз- мәйрам болды. Мерекенің соңында Галина Алексеевна тілек айтты. Мерекенің соңын қазақтыңбиі «Қара жорғамен» аяқтадық.


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры