Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

Қайрат орта мектебінің «Жас ұлан» ұйымының қыркүйек айында атқарылған жұмыстарының анықтамасы

21.03

«Жас ұлан» ұйымы көптеген жұмыстар атқарды. 1-қыркүйек күні «Құшағын ашқан, қуанышынан жарыла, мектебім келдім жыл құсындай болып тағы да!» атты мерекелік жиыны өткізілді. Қыркүйек айының 3-і күні мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Аубакирова Алия Абайқызының қатысуымен «Жас ұлан» ұйымының отырысы өтті. Осы отырыста ұйым басшысын сайлау және ұйым мүшелері тағайындалып әрқайсысына өз міндеттері жүктелді. Ұйым басшысы және ұйым мүшелері жылдық жұмыс жоспарымен таныстырылды. 12-ші қыркүйек күні «Денсаулық күні» аталып өтілді. Ең алдымен дене шынықтыру мұғалімі Исин Ренат Қайырбекұлы оқушыларға таңғы жаттығу жасатып, содан кейін барлық мектеп оқушылары және ұстаздар қауымы «Флешмоб» биледі. Келесі кезекте «Жас ұлан» ұйымының спорт министрлері және дене шынықтыру мұғалімі бірнеше түрлі спорттық ойындар ойнатты. Оқушылар және ұстаздар қауымы 2 топ құрап волейбол, баскетбол, футбол ойындарынан жарысқа түсті. Ал орта буын оқушылары шахмат, шашки, тоғызқұмалақ ойындарынан сынға түсті. «Жас ұлан» ұйымының басқа мүшелері бастауыш сынып оқушыларына эстафеталық жарыстар ұйымдастырып онымен қоса көптеген спорттық ойындар түрінен сайыстырды. Бұл күн өте қызықты өтті. Барлық сайыстар, спорттық ойындар аяқталған соң командалар, қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

   «Жас ұлан» ұйымының мүшелері және кезекші сынып әр апта соңында әр сыныптан үздік оқушыны анықтап отырды. Әр бір апта соңында «Жас ұлан» ұйымының басшысы мен ұйым мүшелері әр аптанын қорытындысын қорытындылап отырды. Білім министрі оқушылардың білімі жағынан тексеріс жүргізіп, Тазалық министрлері оқушылардың тазалығы мен әрбір сыныптың тазалығын бақылап, Кітапханашының көмекшісі министрлері оқушылардың оқулықтарын тексеріп апта соңында қорытынды жасап отырды. Әр апта сайын ұйым мүшелерімен отырыс болып отырды.

      22 қыркүйек пен 4 қазан аралығынды «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте!» атты тілдер онкүндігі өткізілді. Бұл онкүндікте «Жас ұлан» ұйымының мүшелері қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдері Абдрахманова Нафиса Сағымбайқызы мен Шарипова Гүлайым Серікқызы, орыс тілі мұғалімі Құрмашев Төлеутай Назымбекұлы, ағылшын тілі мұғалімі Шарипова Арайлым Ермекқызымен біріге отырып көптеген жұмыстар атқарды. Қыркүйек айында «Жас ұлан» ұйымы қызу жұмыстар жүргізді.

 Тәлімгер:                           А.Е.Магубаева


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры