Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

Жарқын болашақ-Мәңгілік Ел мұраты

21.03

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында елімізде сан алуан іс-шаралар атқарылуда.  2017 жылғы 7 ақпан күні аудандық білім бөлімінің жылдық жоспары негізінде Кішкенекөл №1 орта мектебінің  ұйымдастыруымен аудан мектеп оқушыларының арасында «Жарқын болашақ» ІХ республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңі 85 оқушының қатысуымен өтті. Олимпиаданың 5 бағыты бойынша ауданның 7-11 сынып оқушылары қазақ тілі және әдебиетінен мынадай сынға түсті: «Тілші- әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші - бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар».

Аталған бағыттар бойынша қазақ және өзге ұлт өкілдері шығарма жазып, жазбаша емтихан тапсырып, прозалық, поэзиялық шығармалардан үзінділерді жатқа оқып, ән айтып, ғылыми жоба қорғап және қазақ драматургтерінің шығармаларынан қойылым көрсетті. Олимпиаданың мақсаты қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттай отырып, дарынды балалардың шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсету болатын. Аудан мектептерінен төрелік жасауға жоғары және бірінші санатты ұстаздар арнайы шақырылды. Біліміне өнері сай шәкірттердің арасынан жүзден жүйріктерді таңдау оңайға түскен жоқ. Аудандық іріктеу жарысында бәйгеден озып шыққан төмендегі оқушылардың аты-жөнін ерекше айта кеткім келеді. Олар: «Тілші-әдебиетшілер» бағыты бойынша І орынды жеңіп алған: Бидайық орта мектебінің 9 сынып оқушысы Фазылова Айгерім (мұғалімі: Ә. Тукеева ), «Жазушылар» бағыты бойынша І орынды жеңіп алған: Кішкенекөл №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қали Аружан (мұғалімі: А. Теміржанова ) , «Әнші - бұлбұлдар» бағыты бойынша Кішкенекөл №1 орта мектебінің 7 сынып оқушысы  Дина Диярат, 10 сынып оқушысы Флэшгауэр София, (мұғалімі: Н. Жанай), «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Кішкенекөл №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Диярат Толқын (мұғалімі: Д. Жолдыбаева ), Ақтүйесай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Омельченко Дмитрий (мұғалімі: Ж. Абдрахманова ) «Жас ғалымдар» бағыты бойынша: Қайрат орта мектебінің 10 сынып оқушысы Кенжебай Индира (мұғалімі: Г. Шарипова), Чехов орта мектебінің 7 сынып оқушысы Пирущая Екатерина (мұғалімі: М. Абилкаримова  ). Олимпиаданың жеңімпаздарына  аудандық білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және оларды дайындаған мұғалімдеріне алғыс хаттар барлық сайысқа қатысушыларға сертификат тапсырылды.

Облыстық кезең:

 2017 жылғы 3 наурызында Петропавл қаласында өткен «Жарқын болашақ» олимпиадасының  облыстық кезеңіне қатысқан оқушыларымыз ауданымыздың абыройын асқақтатып қоржындары І,ІІ,ІІІ орындар

 жүлделеріне  толы қайытты.

 «Жас ғалымдар» бағыты бойынша: Қайрат орта мектебінің 10 сынып оқушысы Кенжебай Индира ІІІ дәрежелі, Чехов орта мектебінің 7 сынып оқушысы Пирущая Екатерина ІІІ дәрежелі диплом;

«Сөз шеберлері»бағыты бойынша Кішкенекөл №1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Диярат Толқын ІІ дәрежелі диплом, Ақтүйесай орта мектебінің 10 сынып оқушысы Омельченко Дмитрий ІІІ дәрежелі диплом;

«Әнші - бұлбұлдар» бағыты бойынша Кішкенекөл №1 орта мектебінің 7 сынып оқушысы  Дина Диярат І дәрежелі диплом бағалы сыйлық иегері атанып, 2017 жылғы сәуір айында Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

                                                                                           Аудандық білім бөлімінің бас маманы  Ш. Хуанғанқызы


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры