Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

АПЕЛЛЯЦИЯ БОЙЫНША ЖАДЫНАМА

21.03

  1. 1. Апелляцияға өтініш беру
  • Тестілеу нәтижесі бойынша апелляцияға өтініш берушінің өзі тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін береді және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарайды.
  • Өтініш ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне (ҰБТӨП) беріледі.
  • Аппеляцияға өтініш арнайы үлгіде беріледі.
  • Апелляцияға берілетін өтініш үлгісін бекітілген өтініш беру мерзімінде ҰБТӨП-тен алуға болады.
  • Өтініш беруге қажетті құжаттар:
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) кіруге рұқсаттама.
  • Өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебі мен негіздемесін) көрсету керек.
  • Апелляцияға барлық тест тапсырмаларын қарау жөнінде түскен өтініште әр тапсырма бойынша дәлелдемелер (толық түсіндірулер, есептердің адымдық шешулері) көрсетілмесе, ол өтініш қарастырылмайды.  

 

  1. Апелляция түрлері
  • Апелляция қарастырылады:
  • тест тапсырмаларының мазмұны мен мәтіні бойынша;

þ Техникалық себептер бойынша.

  • Тест тапсырмаларының мазмұны мен мәтіні бойынша апелляция мынадай жағдайларда  қарастырылады:
  • дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмейді (дұрыс жауап нұсқасы көрсетіледі);
  • дұрыс жауабы жоқ;
  • Бес жауап нұсқасынан бір жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірнеше дұрыс жауап болса(барлық дұрыс жауаптар нұсқасы көрсетіледі);
  • сұрақ дұрыс құрастырылмаған;

þмәтіннің үзіндісі болмағандықтан, нақты дұрыс жауап анықтау мүмкін емес;

  • Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:
  • егер сканер дұрыс жауабы бар дөңгелекшені екі немесе одан да көп жауап ретінде оқыса;
  • егер сканер дұрыс жауабы бар дөңгелекшені

бос дөңгелекше ретінде оқыса; 

þ ақауы бар жауап парағы.

 

3.Тест тапсырмаларының мазмұны  және мәтін бойынша апелляцияға өтініш беру (үлгі)

 

 

 

 

4.Техникалық себептер бойынша апелляцияға өтініш беру (үлгі)

 

  1. Апелляцияны қарау тәртібі.
  • Апелляциялық комиссия тестіленушілердің өтініштерін тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ден бастап  қарайды.
  • Апелляциялық комиссия әр тестіленушімен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тестіленуші апелляция комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
  • Шешім тек тестіленуші апелляцияға берген тапсырма бойынша ғана қабылданады. Апелляцияға берілмеген тапсырмалар қаралмайды. Апелляциялық комиссия апелляция кезінде нұсқаны және таңдаған пәнді өзгерте алмайды.
  • Егер тестіленуші өзі дұрыс жауап берген тапсырма бойынша апелляцияға өтініш берсе, онда ол тапсырма бойынша апелляциялық комиссия «қанағаттандырылмайды» деген шешімін қабылдайды.
  • Апелляциялық комиссия тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептері бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, балл қосу төмендегі ретпен іске асырылады:
  • Апелляциялық комиссия бекітілген нысан бойынша шешімді және оның негіздемесін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді (РАК);
  • РАК апелляциялық комиссияның шешімін қарастырады және аппелляция бойынша  соңғы шешімді қабылдап, ҰБТӨП-тегі апелляциялық комиссияға жібереді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер