Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

2017 жылғы ҰБТ – ның жаңа форматы

21.03

  1. 2017 жылғы ҰБТ – ның жаңа форматы
  • ҰБТ – ның жаңа форматы мектеп бітірушілер үшін Қорытынды аттестаттау (ҚА) және жоғары оқу орындарына түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) болып бөлінуімен ерекшеленеді.
 
  • Қорытынды аттестаттау - мектеп түлектері 4 міндетті, 1 таңдау пәнінен тұратын, жалпы орта білім берудің міндетті мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырады.
  • шамамен 29 мамыр - 9 маусым аралығында түлектердің оқу орнында өтеді;
  • Қорытынды аттестаттауды сәтті тапсырғандарға жалпы орта білімі туралы аттестат беріледі;
  • Қорытынды аттестаттаудағы таңдау пәні ЖОО-на түсу кезіндегі таңдалған мамандыққа әсер етпейді.
  • Ағымдағы жылы ЖОО-на түсу үшін ҰБТ–ға қатысады:
  • осы жылғы мектеп бітірушілері;
  • қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектеп бітірушілері;
  • республикалық музыкалық мектеп – интернаттарының бітірушілері;
  • «Алтын белгіге» үміткерлер;
  • жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары;
  • жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары;
  • АҚ «Назарбаев зияткерлік мектебі» бітірушілері;
  • халықаралық мектеп бітірушілері.
 
 
 
2.ҰБТ - ның  мерзімі мен ұзақтығы
  • Тестілеу ҰБТ өткізу пунктерінде (ҰБТӨП) 20 маусымнан 1 шілде аралығында өткізіледі.
  • Өтініштерді қабылдау 10 наурыздан 10 мамырға дейін;
  • Тестілеу 20 маусым 1 шілде аралығында;
  • ҰБТ-ның басталу уақыты – сағат 00 (жергілікті уақыт бойынша);
  • ҰБТ-ға бөлінетін уақыт – 3 сағат 50 мин
  • Тестіленушіге дәлелді себеппен (әжетханаға, медициналық бөлмеге) шығуға тек уәкілетті тұлғаның алып жүруімен тестілеудің бірінші сағатынан кейін 1 сағат 30 минут ішінде рұқсат етіледі. Осыдан кейін тестілеу аяқталғанша аудиториядан шығуға рұқсат етілмейді.
 
3.Тестілеу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  • Тестілеу кезінде тестіленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын алу мақсатында   жүзеге асырылады:
  • Жарылғыш құрылғылардың бар жоғын анықтау үшін ғимаратты тексеру;
  • Тестілеуге кіру барысында металіздегіштермен тексеру;
x  Тестілеу барысында ҰБТ-ның  ашықтығын және объективтілігін сақтау мақсатында тұңшықтырғыш құралдары мен бейнебақылау құрылғылары қолданылады.
 
4.Тестілеудің нәтижелерін жариялау
 
  • Емтихан материалдарын өңдеу аяқталған соң тестілеу нәтижелерін:
  • ҰБТӨП ақпараттық қабырғаларында (емтихан ведомостері)
  • Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтында. Тестіленуші нәтижесін сайт арқылы көру үшін ТЖК (рұқсаттамада көрсетілген) мен ЖСН енгізу қажет.
 
 
 
  1. 5. Апелляция
  • Тестілеу нәтижелері бойынша келіспеушілік болғанда  тестіленушінің өзі келесі күнгі сағат 13:00  дейін ҰБТӨП – де аппелляциялық комиссияға бере алады.
  • Апелляцияға өтініш беру барысында тестілеу нәтижесімен келіспеуінің дәлелін (себебін және негіздемесін) көрсету қажет.
 
  1. 6. Сертификат
  • ҰБТ нәтижесі туралы сертификат.
  • Сертификаттың жарамдылық мерзімі – ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
  • Сертификатты ламинаттауға тыйым салынады.
 
  1. Шығармашылық (арнаулы) емтихан
  • Шығармашылық дайындықты талап етуші мамандықтарға түсушілер шығармашылық емтихан тапсырады.
  • Шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі және емтихандарды өткізу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
  • Шығармашылық емтихан және өтініштерді қабылдау оқуға жоспарланған ЖОО-да тапсырылады
  • Шығармашылық емтиханның мерзімі:
  • Өтініштерді қабылдау: 20 маусымнан 7 шілдеге дейін;
  • Емтихан 8 шілдеден 13 шілдеге дейін.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін бітірушілер үшін: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) тестілеу бөлімі бойынша баллдар ескеріледі.
  • Әрбір шығармашылық емтиханнан жоғарғы балл – 40.
  • Шығармашылық емтихан ескергендегі максималды балл – 120.
  • Педагогикалық мамандықтарға түсуге жоспарлаған бітірушілер үшін бір арнайы емтихан (педагогикалық жағдайды шешу) ЖОО орнында өткізіледі.
  • Арнаулы емтиханның мерзімі:
  • Өтініштерді қабылдау және емтихан 20 маусым нан 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
  • Арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деп бағаланады.
  • Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орынына ұсыну үшін ведомстан көшірме беріледі.
 
8.Жоғары оқу орындарына түсушілер
 
x ҚР жоғарғы оқу орындарына қабылдау  келесі жолдармен жүзеге асырылады:
  • мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттары) орналастыру арқылы;
  • азаматтардың өз қаражатынан және басқа көздер есебінен.
  • Білім беру гранттары конкурс негізінде ҰБТ
сертификатындағы балдарға сәйкес беріледі:
  • нақты мамандындағы;
  • тіл бөліміне қарай;
  • оқыту түріне қарай;
x жоо  оқуға түсуші қабылдау комиссиясына тағайындау конкурсына қатысу үшін тапсырады:
  • арнайы белгіленген бланктегі;
  • білімі жайлы құжат (түпнұсқа);
  • ҰБТ сертификаты;
  • 2 фотосурет (көлемі 3х4);
  • 086-У нысандағы медициналық анықтама;
  • жеке куәлік (көшірмесі).
  • Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа өтініштерді  қабылдау 23-31 шілде аралығында жүргізіледі.
  • Конкурста ҰБТ пәндерінің 1 және 2 блок  бөлімдері, шығармашылық мамандықтар үшін 1 блок бөлімдері (Қазақстан тарихы және  оқу сауаттылығы (оқу тілі) және шығармашылық емтихандар бойынша баллдары есепке алынады.
  • Конкурс нәтижесінде білім гранты тағайындалғандығы туралы куәлік беріледі.
  • Білім беру грантының иегерлерінің тізімі 10 тамыздан соң бұқаралық ақпарат құралдарында («Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда»), сонымен қатар Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында жарияланады.
 
9.ЖОО – на түсудің икемді шарттары
 
  • ҰБТ – ны қайта тапсыру арқылы ЖОО –ның ақылы бөліміне түсуге болады.
  • Шектік баллды ала алмағандар, нәтижелері жойылғандар және ҰБТ – ға қатыспағандар ҰБТ-ны қайта тапсыра алады.
  • ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:
  • Өтініштерді қабылдау 1 - 8 тамыз аралығында;
  • Тестілеу 19 -24 тамыз аралығында өткізіледі.
  • ҰБТ қайта тапсыру кезінде шектік балды ала алмаған түсушілер бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін тестілеуді қайта тапсыра алады.
  • ҰБТ қайта тапсыру мерзімі:
  • Өтініштерді қабылдау 5 - 12 қаңтарға дейін;
  • Тестілеу 20 - 24 қаңтар аралығында жүргізіледі.
 
10.Білім беру кредиті
  • Білім беру кредиті – қаржы ұйымдарының мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарында оқу ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
  • Несие Қазақстанның әр ірі қалаларының банк-серіктестері бөлімшелерінде беріледі.
  • Кредит талапкер/студенттің атына ресімделеді, яғни оқу ақысын төлеу бойынша жауапкершілік ата-анадан талапкердің/студенттің өзіне жүктеледі;
  • Білім беру кредитін алу үшін:
  • қадам - кеңес алу үшін «Қаржы орталығы» АҚ немесе банк-серіктесімен хабарласу;
  • қадам - қажетті құжаттарды банк-серіктеске ұсыну;
  • қадам - банктің және Қаржы орталығының оң шешімінен кейін несие сомасын оқу орнының есебіне аудару жүзеге асырылады.
  • Кредитті рәсімдеу үшін Қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
  • жеке куәлік;
  • тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
  • ҰБТ сертификаты (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
  • білім алу шарты немесе оқу кезеңіне оқудың құны көрсетілген төлеу шоты;
  • қарыз алушыдан 18 жасқа толмаған жағдайда ата-анасының (заңды қамқоршыларының) қарыз алуға нотариалды куәландырылған келісімі, сондай-ақ Банк сұратқан жағдайда басқа да құжаттар.
  • Кредитті рәсімдеу үшін қосалқы қарыз алушыдан талап етілетін құжаттар:
  • Жеке куәлік
  • Тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;
  • Табысы туралы жұмыс орнынан анықтама қағазы;
  • Жеке зейнетақы шотынан соңғы алты ай бойынша үзінді көшірме;
  • Банк талап еткен жағдайда басқа да құжаттар.
 
Білім беру кредиті туралы толық ақпарат www.fincenter.kz сайтында
 
(мәліметтер ҰБТ – ны өткізу тәртібі белгіленген ҚР «Білім туралы» заңы және басқа да  нормативтік құжаттарға сәйкес көрсетілген (өзгерістер болуы мүмкін).


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер