Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

« Елбасы – Тәуелсіздіктің тірегі » атты дөңгелек үстел

20.02

Дөңгелек үстел.

Қатысушылар 7-9 сыныптар.

Барлығы: 12 оқушы

Армысыздар қадірменді оқушылар қауымы!

Бүгінгі «Елбасы – Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймын.

Гимн

 Бүгінгі ашық дөнгелек үстелімізді бастамас бұрын    Тренинг өткіземіз.

-          Оқушылар,  дөнгелек болып ортада тұрамыз, әрқайсысымыздың қолымызда ақ қағаздар бар. Сол қағаздарды ақырын умаждаңдар, тез қатты – қатты умаждаңдар. Енді дөнгелек істеңдер. Екі топқа бөлініп, қағаздарыңды бір – бірлеріңе лақтырыңдар.

-           Қандай сезімде болдыңдар

-          Оқушылар жауаптары...

Келесі бір бағытқа бұрылып, бір – бірлеріңнің арттарыңа сурет салыңдар. (күн, бұлт, жаңбыр, қар, қар тез жаууда, жел, ақырын нөсер)

-          Оқушылар, сезімдеріңмен бөлісіңдер.

Бұл тренингті не мақсатпен өткіздім? Өткізу себебім, сабағымыз дөнгелек үстел болғандықтан бұл сайыс емес, топтасып жарысу емес, керісінше бір – бірлеріңнің мәліметтеріңмен бөлісіп, өз ойларыңды ортаға сап, жеке тұлғаның пікірін тыңдап, жылы щыраймен өздерің тренингте айтқан ойларыңа сай дөңгелек үстелді жақсы дәрежеде, татулықта, бірлесе жұмыс жасау арқылы бүгінгі тақырыптың мазмұнын ашу.

Мұғалім сөзі:

  Қазақстан Республикасы бүгінде Тәуелсіз, демократиялы, зайырлы , егеменді мемлекет болып отыр. Қазақстан Республикамыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ел болып танылуында, әлемге әйгілі болуына зор ат салысып, көп еңбек терін төккен адам. Бірақ осы бүгінгі терезесі тең, аспаны ашық құбыласы түгел заманға біз Тәуелсіз Қазақстан жастары қалай қол жеткіздік?

Оқушылар жауаптары.

Нәзкен

    Ия, Тәуелсіздік жолы бізге оңай жолмен  келген жоқ. Көптеген  қан төгіспен, зор күштің арқасында егеменді ел болып отырмыз. Қазір біраз тарихқа тоқталайық. Сонау 18 ғасырдан бастап Қазақ хандығы басынан қилы замандарды өткерді.

Абылай атамыз үш жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығын қолында ұстап қалмақ болды. Бірақ ел басына күн туған заманда бұл мүмкін бе еді?! Әрине ол қиын сұрақ. Абылай тарих сахнасынан кеткеннен кейін де көптеген қас батырларымыз ұлт-азаттықты аңсап,  отаршыл саясатқа қарсы шыққан жоқ па? Әрине шықты, бірақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар заманда сатқындық, жеке бас мүдделігі бірінші сапқа шығып, ұлт мүддесі аяққа тапталды...

 

Камиля

Қазақ атамыз басынан қилы замандарды өткере отырып, бүгінгі  арайлы таңға қол жеткізді. 2012 жылдан бері  1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып аталып өтуде. Бұл мерекені  атап өту туралы  мәжіліс  депутаттары ұсынып оң шешімін  алған еді...

Тәуелсіздік туралы слайд.

8-сынып оқушысы «Елін сүйген Елбасы » атты шығармасын оқиды.

    16-желтоқсан күні 1991 жылы Тәуелсіздік туралы Заң қабылданған күннен бастап бұл күн тарихта елеулі оқиғалардың бірі болып саналады. Осы күннен бастап жас егеменді елдің тарихы басталды. Қазақстан Республика болып жарияланып, жаңа тарих беттерін ашты.

    Егеменді Қазақстан Республикасының тарихында Елордамыздың тарихы ерекше. 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстанның ресми астанасы болып  жарияланады. 1998 жылдың 6 мамырында  Ақмола Астана деген атқа ие болады.  1998 ж. 10 маусымынан бастап жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті. Сол күннен бастап Есілдің сол жағалауында  жаңа қала бой көтерді.  Мұнда құрылыс жүргізетін инвесторларға салықтық жеңілдіктер берілді.

2 сұрақ.

    Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін мәдениетін дамытуға  деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы

     Оқушылар пікірлері

 

 Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңделуде.

 

Қазақстанда әр жыл мәдени атаулармен аталуда.

1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.

1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.

1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, "Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.

2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.

2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.

Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлануына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.

1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің "Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.

Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.

 

Қуан, қазақ!

Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!

Ендіктерді аралап еркін дүбір,

Алаулатты керемет көркіңді нұр.

Алақайлап аспанға атып тұрып,

Берекелі бастағы бөркіңді бір...

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!

Қазақ елі азат,

Қазақ жері азат,

Қазақ ері азат,

Бұдан нұрлы шақ бар ма?

Бұдан асар бақ бар ма?

Қуан, қазақ!

 

   Біздің елбасымыз – Н. Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Ол – Ата Заңның гаранты. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Оқушылар, «Тәуелсіздік»  - деген ұғымды кім қалай түсінеді.

-          Оқушылар жауаптар

-          Өз ойларыңды ортаға салдыңдар, енді «Тәуелсіздік» ұғымын алдарыңда жатқан ақ қағазды суретпен сөйлетіңдерші...

Яғни , Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.

     Президентіміздің жыл сайынғы қазақ халқына жолдауы  Республиканы дамытуға бәсекеге қабылетті жастар тәрбиелеу мәселелерін өзекті етіп көрсетеді. Сөзіміздің соңында Н.Ә.назарбаевтың сөздерімен аятайық: «Біздің жалпы ұлттық идеямыз Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік ел- елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» дей келе бүгінгі  жиынымыз аяқталды.

Г.Оразымбетова «Көкке өрле».


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры