Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

БЖС ТЕХНОЛОГИЯСЫ «АУЫЗША САБАҚ – 1» КАРТАСЫ

20.02

БЖС ТЕХНОЛОГИЯСЫ «АУЫЗША САБАҚ – 1» КАРТАСЫ
Күнделікті жоспарлау

 

Мерзімі:

Сынып: 8 сынып

Пән: Қазақ әдебиеті

Тақырып: Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Мұғалім: Жусупова Диана Мейрамбекқызы

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы. Мұғалімдерге арналған әдістемелік басшылық «Стандарттық мазмұн»  8  сынып.

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілілгін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету

1 тип . Жаңа материалды оқып және оны бекіту бойынша сабақ келесі қисынмен жүзеге асады: мотивация >оқушының субъективтік тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдасытыру > түсінуді біріншілік тексеру >  біріншілік бекітуді ұйымдастыру >

 талдау  >рефлексия.

 

 

Кезеңдер

Орындалатын іс-әрекет

Нәтижесі

1                     

Ұйымдастыру

кезеңі

Мотивация

 

 Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады және өмірде

мектептен кейін де табысты болуы. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі.

Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.

Сабақтың ұраны:  

8-сынып , Алға!

Биіктерге самға!

5 алайық бәріміз,

Бүгінгі сабақ барысында!

Мұғалім: СӘТТІЛІК!

Тақтаның жоғарғы оң жағына

63% нормасының саны

қойылады. №1.кесте.

 

2                     

Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру

Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрау. Бекіту сабағын жасап аламын.

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

1.      Мағжан Жұмабаев кім?

2.      Мағжан Жұмабаев қашан және қай жерде дүниеге келді?

3.      Ақынның қандай лирикалық өлеңдерін білесіңдер?

4.      Ақынның қандай поэмасын білесің?

5.      «Түркістан» өлеңінде «Тұран» деп қай жерді атаған?

6.      Өлеңде қандай жер – су атаулары аталады?

7.      Өлеңде қандай танымал адамдардың есімдері аталады?

8.       Өлең жолдарын оқи отырып, Қазығұрт тауы туралы айтылған. Қазығұрт тауында кімнің кемесі қалып қойған?

 

(«Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол – әулие болмаса неге қалған»-деген жолдар жазылған.)

9.      Түркістан өлеңін оқи отырсаң,  қандай көркемдегіш тәсілдер арқылы өлең жолдарын ашып берген?

10.    Ертедегі Тұран елін түгелімен билеп тұрған қандай хан. Атын атаңыз?

Сұрақтарды қойып болған соң М.Жұмабаевтің өлең шумақтарын мәнерлеп оқуға оқушыларға кезек беремін.

 

 

 

Бірінші белгі

Тақтаға нәтижені жазу:

1 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

 

3                     

Қабылдауды

ұйымдастыру

10 минут

Бірінші сыни нүкте. Жаңа тақырыпты түсіндіремін.

Оқушылардың назарын осы тақырыпта өтетін білім көлеміне аударамын.

Мазмұндық жоспар:

Сабақты түсіндіріп болған соң, тақтаға назар аудартамын. Тірек сөздер берілген 45 мин. беремін және жаттауға кіріседі. Уақыт біткен соң тірек сөздер жабылады, оқушылар дәптерлеріне жазады. Бір – бірімен алмасып тексереді.

Тірек сөздер:

1.      Абылай хан

2-3.Батыр Баян

4-5.Қалмақ қызы

6. Ноян

7. қоштасу

8. Ақсақал

9-10. Екі жас

Екінші белгі

Есте сақтауға  берілген  уақыт

нормативі:

7 сөз – 30сек.

10 сөз – 45 сек

12 сөз – 1 мин

14 сөз - 1мин-15 сек

16 сөз – 1 мин 50 сек

18 сөз – 2 мин 15 сек

21 сөз – 2 мин- 30сек

2 сөзден тұратын түсініктер екі сөз  болып  есептелінеді  Есте сақтау бойынша жіберу: бір сөз минус. Тақтаға нәтижені жазу:

2 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

 

 

4                     

Ұғынуды

ұйымдастыру

 

   Берілген уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітіруі керек. Оқыған материал бойынша білімді тексеру мақсатында оқушылардан сұралатынын ескеремін.

 

Оқушыларға 4 минут уақыт беремін. Мәтінмен танысып шығады. 

1–2 сынып: 5 минут мәтіннің бір парағына;

3 - 4 және

7 - 11 сыныпқа дейін: 4 минут мәтіннің бір парағына;

5-6 сынып: 3 минут мәтіннің бір парағына.

 

5                     

Түсінудің  бірінші

тексерілуі

 

Қарама-қарсы сұрақтар:

1.      Қазақтарды басқарған хан кім? Абылай хан

2.      Абылай ханның қолбасшысы болған кім? Батыр Баян

3.      Батыр Баян кімдерге қарсы соғысты? Қалмақтарға.

4.      Осы соғыста кімдер жеңіске жетті?

 

5.      Батыр Баян алып келген Қалмақ қызы неше жаста еді? 14жас

6.      Қалмақ қызы кімге ғашық болды?

7.      Қалмақ қызының тілегі қандай еді?

8.      Екі жас қандай шешімге келді?

9.      Екі жас немен қашып кетті?

10.  Бұл хабарды Батыр Баян кімнен естіді?

11.  Суық хабарды естіген Батыр Баян қандай іске барды?

12.  Екі жасты өлтірген Баян қандай сезімде болды?

13.   Батыр Баян поэмасының кейіпкерлері кімдер?

14.  Поэманың саған ұнаған кейіпкеріне мінездеме бер? Қандай қырымен ұнады?

15.  Поэмада қазақ тарихының қай кезеңі суреттеледі?

 

 

Үшінші белгі

Сұрау кезінде егер оқушылар

жауап  берсе,  онда:  бірінші

нұсқадағылар  тест  құрады,

екінші  нұсқадағылар  оқуды

жалғастырып,  тестілеуге

дайындалады.

Тақтаға нәтижені жазу:

3 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

 

6                     

Бастапқы

пысықтауды

ұйымдастыру

5 минут

 

Сыни сұрау.

1.      Батыр Баян бұл – ертегі.

2.      Баян Қосаболатұлы қорқақ, қоян жүрек.

3.      Қалмақ қызы Ноянға ғашық болды.

4.      Батыр Баян інісі өлгенде қуанды.

5.      Батыр Баян  екі жасты өлтірді.

Үшінші белгі нәтиже бойынша барлық оқушыларға плюс немесе минус.

«Ия» немесе «Жоқ» деген талап ететін сұрақ қойылмайды.

Тақтаға нәтижені жазу:

4 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

 

 

7                     

Талдау

5 минут

Өтіліп жатқан тақырып бойынша тақырыптық сөздік қор (ТСҚ) өткізіледі. Сөздер қысқартылмай, анық жазылады. Шығарма түрінде жазуға да рұқсат етіледі. Жалғаулықтар сөзге жатпайды..

Төртінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған тақырыптарды анықтайды. Одан кейін 1-2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды.

Шығарма не эссе жазғызу.

5 сынып

50 сөз

6 сынып

56 сөз

7-11 сыныптар

63 сөз

 

 

Үшінші белгі

Тақтаға нәтижені жазу:

5 кезең ≤ немесе ≥ нормалар

 

8                     

Рефлексия

 

Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа 4- 5 деген бағалар санына қарай және нормаға сәйкес талдау жасайды. Мұғалім әр кезең бойынша оқушыларға ойлау қабілетіне  байланысты  проблемаларды  көрсетеді  және  алға  ұмтылуға ынталандырады.

 

 

 

 

 

Егер алғашқыда талап етілгендей болмаса қиналмаңыз, есіңізде болсын,  оқушылардың ойлау қабілеті жаттығып жатыр, талап етілген бағаларды алу үшін уақыт керек.

 

9                     

Бағалар

 

Журналға баға қою нормативі:

 

4 – 5 баға – 5 ұпай

3 баға – 4 ұпай

2 баға – 3 ұпай

1 баға – 2 ұпай

Сапа нормативі орындалды деп есептелінеді, егер 63% оқушы 5 ұпай алса. 3 кестеге қараңдар.

 

10                 

Үй тапсырмасы

 

Егер, оқушылар 5 деген баға алса үйге тапсырма берілмейді. 4 бағадан кем алған оқушыларға үйге тапсырма беріледі. Үйге: Кейіпкерлеріне мінездеме жазу.

 

 

 

 


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры