Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

«География, биология және химия» пәндері апталығының жабылуы

16.02

Тақырыбы: «Сүйіне білсең табиғат,  сұлулыққа тұнып тұр»

Биология География  Химия пәндеріне  арналған  6-16 ақпан  аралығында өткізілетін мектепішілік апталықтың жабылуы

Мақсаты:

  1. Химия, биология және география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту.
  2. Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін айту.
  3. Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жүрекшелер, презентация-слайд, музыка , гүлдер, шарлар

Барысы:

  1. Апталық жоспарын қайталау
  2. өсімдітерге саяхат

«Сарыарқа» күйі орындалады

Жүргізушілер ортаға шығады:

1 Зарина:

- Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Ақпан  айының 6 мен 16  күндері аралығында «География, биология және химия» пәндерінің  «Сүйіне білсең табиғат,  сұлулыққа тұнып тұр»    атты мектепішілік апталықтың жабылу салтанаттына қош келдіңіздер!

2 Еркеназ:

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық!

Бүгінгі апталық төрінде,

Жұмбақ шешіп аңдысып…

Шабыттанып шалқысып,

Көңілді апталық жасайық,

Жұмбақ шерді шашайық.

Ат салысып аянбай,

Бар өнерге басайық -дей отырып, бізді қоршаған табиғаттың қыр - сырын меңгертетін жаратылыстану ғылымдарының ханшайымдарына сөз кезегін берсек. (Ортаға пән болып киінген үш: биология, химия, география шығады)

Шолпан:

Биология пәнінің ханшайымы:

Табиғатың құпиясы тұңғиық,

Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,

Білген сайын сырын оның жүреміз

Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін

Әділдікке әрқашан бас иетін

Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп

Халқың айтқан орында өсиетін

 

  Диас:              Географияпәнінің ханшайымы:

География әлемі – қызық әрі тартымды,

Өз сырымен география қызықтырар әркімді.

Оқысаңдар ғылымға сендер көз ашып,

Танисыңдар табиғаттың ғажабын.

 

  Зарина:                         Химия пәнінің ханшайымы:

Химияны оқу парыз әркімге,

Оқиды оны барлық елде, әр тілде

Химияның оқыңдар әр бөлімін,

Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.

Химияны оқиық біз көңілмен,

Кездесер ол күнделікті өмірден.

Ақылымыз – химияны біліңдер!

Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

Оқушылар ортаға шығады ( экраннан Күн шуағы, Көк Аспан, Құстар, Ағып жатқан су, Ағаштар жайқалып, Шыңында қары бар таулар, жайқалған дала суреттері баяу көрсетіліп тұрады) баяу музыка ойнайды.

1 Айман: Армысың, алтын күн! (күнге қарап бас иеді )

2 Шолпан: Көгілдір көк аспан! (аспанға қолдарын жаяды)

3 Аида: Бармысың құстарым! (құстарға қол бұлғайды)

4 Еркеназ: Қанатты достарым! (құсша қанат қағады)

5 Диас: Суларым таза ма? (оң қолын оң жаққа созады)

6 Ақжан: Талдарым аман ба? (сол қолын сол жаққа созады)

7 Жанбота: Бас ием тауларға (бастарын иеді)

8 Асем: Жамылған қарларға (қолдарын жоғары созады)

9 Замзагүл: Жайқалған даланы (қолдарын жан-жанқа созады)

10 Құдрет: Табиғат ананы (алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)

11 Асем: Көруге сағынып (қолдарын жүрек тұсына қояды)

12 Мейрман: Келген біз балаңыз. (бастарын иеді)

Ортаға бишілер шығады: «Гүлдер» биін орындайды

1-Зарина: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда! Апталықта бәрі бар - жарыстар, сайыстар және жобалар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! Ендеше сіздерді апталықтың жоспарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

2 Еркежан:

Апталықты бастаймыз.

Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты

Алдарыңа тастаймыз.

Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,

химия, биология, география құрметтеуге лайық! деп біраз жаратылыстану пәндерінен білімімізді сынап көрейік достар!

1-Еркежан: - Ақын Шәміл Мұхамеджанов жас кезінде химияны оқуға мән бермей кейін өкінгенін былай жырлайды:

«Химия қиын, ашиды миың»

Деуші едік оқып жүргенде.

Жар берей мойын құрыстап,

Мұндайын оның білгенде

Оқитын едік дурыстап,-дей келе

Мен білсем, іні-бауырым,

Химия сенің қолайың,

Жақсылап оқып журіңдер

Келтіріп бірде орайын - деген екен.

-Ендеше, химиядан білімізді тексеріп көрейік.

2-Еркежан: Көрермендермен жұмыс

2)”Газ” сөзінің грек тілінен аудармасы?

Хаос

3)Экологиялық таза отын ретінде пайдаланатын, ең жеңіл газ?

Сутегі

4)Ащы миндальдің иісі шығатын улы газ?

Циан сутегі

5) Өлген балықтаң өткір иісімен, улы, түссіз газ

Метан газы

1-жүргізуші: Биологиядан білімізді сынайық!

1) Өсімдіктің «жасыл асханасы» деп қай мүшесін айтамыз?

Жапырағы

2) Солтүстік Американың күн гүлі қалай аталады?

Күнбағыс

3) Күн баласы деп қай өсімдікті айтады?

Мақта

4) Ең жылдам тез өсетін өсімдік

Бамбук

5) «Өсімдік пионері» деп қай өсімдікті айтады?

Қына

2 Еркеназ: Географиядан білімізді сынайық

1.Түрлі-түсті атауды білдіретін 4 теңізді ата? Қара, Ақ, Сары, Қызыл.

  1. Қаңтар өзені деп Оңтүстік Америкадағы қай өзенді айтады? Рио - Жанейро
  2. Еуропа астаналарының ішіндегі ең көне қаланың бірі оған 1000жыл болған. Қаланың аты орыс тілінен аударғанда «сауда айлағы» дегенді білдіреді.Копенгаген
  3. Бұл көлде аңыз бойынша 1800 кг алтын жасырылған? Оңтүстік Америкадағы көл? Титикака

5.Оның атауы испан тілінен аударғанда «тасбақа» деген атауды білдіреді.Галапагос

1-Зарина: - Ал, балалар, сіздер мен біздер осы пәндердің ерекшеліктерін сипаттайтын жаратылыстың негізі пәндерін жұмбақтап көрейік.

Кәне жұмбақ шешіп көрейік

 

1-Жанбота: Доп сынды келбеті,

Онда бар түп – түгел,

Әлемнің келбеті

Ол не? Ол Глобус

 

2- Диас: Қаласы бар, елі жоқ,

Даласы бар шөбі жоқ.

мұхиты бар, суы жоқ,

орманы бар , нуы жоқ.

шыңдары да теп тегіс,

кең жазықтан әралуан

шығысы мен батысты

бар әлемді табасың,

Өзің таң болып қаласың.

Бұл? Карта

 

3-Мейрман: Аяғы жоқ, қолы жоқ

Бірақ тыныш тұрмайды

Сақтамасақ қорын

Барша тірлік қурайды.

Бұл не? СУ

 

4-Аида: Бар ма, жоқ па, оны білмейсің?

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің?

Ол не? Ауа

 

5 – Шолпан: Бір зат дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс, жүгірген аң бәріңе тең.

Адамзат жан – жануар арасында,

Мәңгілік өсіп – өніп өмір сүрген.

Бұл не? Жер

 

6-Еркеназ: Болсын ол Табиғаттың сәні де

Жер бетінде тіршіліктің бар мәні де

Өсіреміз күтіп, баптап мәпелеп

Айтшы кәні, достарым

Ол не? Өсімдік

 

7 Диас: Алғаш болды белгілі

Күнде қандай элемент

Одан кейін біз оны,

Жерден зерттеп тауып ек

Ол не? Ол - гелий

 

8 Мейрман:

Адам мен жануардан бөлінеді,

Өсімдіктердің торына ілінеді.

Ол не? Ол - көмірқышқыл газы

 

9 - Зарина: Ауаны шарлап кезеді,

таза күйде пайдасың.

Белгілі болсаң айта ғой қосылысы өмір өзегі

Ол- Азот

 

2 -Еркежан:

-Балалар,кәне айта қойыңдаршы!

-Жер шарында Қанша материк бар?

-Ендеше, ортаға сол алты материкті шақырып, олардың сырын тыңдап көрейік!

 

  1. Зарина: Еуразия

 Орасан зор материкпін,

Төрт мұхит, төрт қабырғам.

Алуан түрлі тірлігімен

Көп халық менен табылған

Исландия - аралым бар,

Фенноскандия – орманым.

Балқан таумен таралынған

Гималай, Альпі қорғаным.

Арабия – үлкен түбек,

Месопотамия – жазық ойпат.

Орта Азия шөлді өлкені

Жылқы, түйе жүрер жайлап.

Тынық мұхит жағасында

Вулканым бар отты алып.

Ұлы Қытай жазығында

Ырзығын терген көп халық.

Архипелаг Малайзия

Тұрады бес мың аралдан.

Күріш пенен шәй мен бұта

Бұл жерге тән таралған.

2 Замзагүл:Африка

Мен Африка! Қос мұхит арасында

Еуропадан 3 есе үлкен құрлықпын.

Түп атым «Еуразия» тайпасында,

Белімді экватор кескен құрлықпын.

Маймыл, піл, жираф, зебра мекен еткен,

Какаодан жетістікке жеткен құрлықпын.

3 Ақжан: Солтүстік Америка

Өзім жайлы менде айтып берейін,

Құнды-құнды мәліметтер терейін

Ағаларым өзін айтып мақтанды

Байлығымды мен де мақтап көрейін

Қалың тонды қойбұқам бар,

Қылқанды шырша орманым бар.

Бұлғын, құндыз ондатра –

Ең бағалы аңдарым бар.

Ниагара алып құламадан

Энергия аламын.

Үлкен Антиль, Кіші Антиль

Бағамдай бар аралым.

Гольфстрим ұлы ағысым,

Кордильер таулы тізбегім

Иеллоустон – ұлттық паркке

Барудың жолын іздегін.

Гейзер суы көкке өрлеген,

Секвоялы жасыл орман.

Міне, осы барым менің

Маған  мәңгі  мақтан болған.

4 Асем: Оңтүстік Америка

Шығысым менің кең жазық,

Анд тауы батыс жағында.

Амозонка ең сұлу өзен,

Биік таудан соғылған.

Өсімдігім мимоза,

Кебрачо, кактустар.

Мекен еткен жерімді,

Пума, ягуар жыртқыштар.

Жиырмадан астам елім бар,

Титикака көлім бар

5 Жанбота:Антрактида

Шыныменде мінезім сәл қаттылау.

Жақтарым да бар ғой бірақ жақсылау.

Мысалы менде ғалымдардың ғылыми

Станциялары жұмыс жасайды бақылау.

Жануарларым тюлень, теңіз мысығы,

Пингвиндердің көрдіңіз талай қызығын.

6 Мейрман: Аустралия

Айтар болсам өзімді,

Тыңдаңыздар сөзімді.

Ағалардан шалғайдамын,

Құрғақшылық бар  аймағым.

Қос мұхитпен қоршаулымын,

Қалталы келеді жануарым.

Әлем бойынша қой өсіріп,

Ең бірінші орын алдым.

(Баяу музыка үні естіледі)

1 Зарина:

Тамаша ғой

Бүгін сен,

Табиғатқа жүгінсең.

Құлақ түріп,

Көз тігіп,

Төңірекке үңілсең.

Табиғат та бір кітап,

Оқи алсаң парақтап...

2 Еркежан:

Табиғатым сырың терең сенің неткен,

Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен.

Күн көзінен күмістей шағылған нұр

Көз алдымда көк орай гүлді кезең.

Кең даламда шертілген сыбызғы үні.

Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры.

Құстар да қылықтап жан тербеген

О,табиғат,не деген керемет ең

1 Зарина: Бозторғайың шырылдап боз кілемде,

Көз алдымда көк орай гүлді кезең.

Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,

Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.

Сенің әсем бейнеңнен әсер алам

Ағаштарың әдемі бұралған

Бар керемет қасиет сенен екен

Әрқашан да болам саған қорған!

(Музыка тоқтайды)

2 Еркежан: «Адамзаттың жер бетінде сақталып қалуы адам жүрегін өзгертумен байланысты « - деген екен бір данышпан кісі. Ендеше барлығымыз Жер Анамызды, табиғатты қорғауға бір кісідей атсалысайық!

1 Аида: Туған үйің – табиғатты таза ұста!

2 Айман: Барымызды жоғалтпайық, жоғымызды түгендейік!

3 Еркеназ: Табиғат сенің қорғаның, қорғаныңды қорғай біл!

4 Құдрет: Табиғатың – тау етерің тәңірің, Орындау шарт – тәңіріңнің әмірін!

5 Ақжан: Әлемнің әсемдігін көкірегіңмен көр, жүрегіңмен сезін!

6 Диас: Еліңнің егесі, киелі даланың иесі

Барлығы хормен: Жасыл жайлау!

Музыка ойнайды ( жүргізушілер сөйлейді)

1-Зарина: Күн сәулесі төгілгені әдемі,

алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

сылдыр қаққан мөлдір су да әдемі,

Биік – биік шыңдарым да әдемі!

Сұңқар құстың самғағаны әдемі!

Даланы әнге бөлеп,

Құстардың сайрағаны Әдемі!

Мөлдіреген көздері,

Киігім қандай әдемі!

Аппақ қарға оранған,

Қысым қандай әдемі

2 Еркежан: Масатыдай құлпырған

Көктем қандай әдемі!

Асыр салып ойнайтын,

Жазым қандай әдемі!

Сары түске боялған,

Күзім қандай әдемі!

Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі!

Жер – Ананы аяласаң жан – тәніңмен,

Боларсыңдар сендер де дүниедегі ең

Екеуі бірге: ӘДЕМІ!

Барлығы: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Көрермендерге «Жүрекшелер» ( қағаз түрінде, шарлар) табиғат туралы ұсынады

«Ән» орындалып жатады

1 Зарина: Осымен, : «Сүйіне білсең табиғат,  сұлулыққа тұнып тұр» атты апталығымыздың салтанатын жабық деп жариялаймыз!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер