Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

«Қазақстан – мейірімділік мекені» Республикалық балалар бастамасын өткізу туралы ақпарат

08.02

   2017 жылдың қаңтар-маусым аралығында  «Қазақстан – мейірімділік мекені» аттыреспубликалық балалар бастамасын өткізу ұсынылуда.

   Республикалық балалар бастамасының мақсаты- мейірімді істерге, қайырымдылық акцияларына балалардың қатысуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастыру, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды идеяларын кеңінен насихаттау және тарату.

   Бастама қатысушылары:

   Кіші мектеп жасындағы оқушылар (1-4 сыныптар).

   Жоғары сынып оқушыларымен әлеуметтік белсенділік тәжірибесін қалыптастыратын,  жеке және топтық іс-әрекетті қалыптастыратын, өзіне және қоршаған ортаға пайда әкелу арқылы әр түрлі іс-әрекетке тартылады. Балалар қарттарға көмектесіп, ата-аналарға көмектеседі, үлкендерге орын беріп, құстарға үйшіктер салады.

   Орта буын оқушылары (5 - 8 сыныптар).

Балалар қарттарға көмектесіп, ата-аналарға көмектеседі, акциялар мен фестивальдар ұйымдастырады, ата-аналарына, ата-әжелеріне арналған мерекелік кештер ұйымдастырады, оларға сыйлық жасайды. Аз қамтылған отбасында тұратын құрбыларына топтық көмек көрсетеді.

    Жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар)

    Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, қарттарға көмек көрсетуге бағытталған акциялар ұйымдастыру. Кіші мектеп жасындағы және орта буын оқушыларын іс-шараларға тарту. Игі істерді әлеуметтік желілерде, мектеп газеттерінде және журналарында насихаттау.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер