Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Жолдау 2017

08.02

2017 жылғы31қаңтарда өткен МемлекетбасшысыН.Назарбаевтың

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»атты  халқына жолдауы.

Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты   халқына жолдауында, білім саласында  біршама  өзгерістер  күтілуде.Білім  берудің  алғашқы  қадамы  балабақшадан  басталғандықтан,көреген  Елбасымыз  балабақшаға басаназар  аударған.Атап  айтсақ,бізде қазірдің өзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Өйткені 3 жылда мемлекет 40 мың орынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сектор 100 мың орынға арналған 1300 балабақша ашылды.

Білім  беру  жүйесін  өзгерту  керек екендігі  туралы, үш  тілді  оқуға  көшу  мәселесі  бойынша ұсыныстар  әзірлену  керектігін ,бүгінде  ағылшын  тілі – жаңа технология,жаңа  индустрия,жаңа  экономика  тілі  екендігін  де  атап  кетті.Сондықтан,2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытылатын  болады   және  бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет  екенін  де  ескерді.

Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі  туралы, білікті педагогтардың жетіспеу проблемасында  шешу  керек  екендігін  айтып өтті.Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуге  тиістіміз.

Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек  екендігіне  де назар  аударған. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.

Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажеттілігін де  атап  айтты.

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер