Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

5-6 сынып оқушыларының арасында қашықтан "Менің сүйікті кейіпкерім" атты эссе байқауының жеңімпаздары

15.04


Қазіргі уақытта қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бәріне белгілі.
Әнші туралы мыңдаған адамдар, көптеген елдер жақсы сөздер айтып, өз пікірлерін білдіруде. Тіпті жас балалар да Димаш ағамызға ұқсағылары келетінін жасырмайды. Үлкен апаларымыз бен аталарымыз да үйде отырып Димаш ағаға баталарын беріп отырады.
Димаш аға менің де сүйікті кейіпкеріме айналды. Оның әсем әндері маған қатты ұнайды. Ол қазақтың қара домбырасын қолына алып, әлем елдерінің сахналарында Құрманғазының күйлерін тартып, қазақ өнерінің құдіреттілігін танытты. Маған оның тартқан күйлерінің ішінде ең қатты ұнайтыны – «Адай» мен «Балбырауын» күйі.
Ең қызығы, Димаш ағамыздың даусы - әлемдегі ең ерекше дауыстардың бірі.
Оны қазір бүкіл әлем мойындап отыр.
2017 жылы Қытай мемлекетінде өткен «Мен әншімін» атты Халықаралық байқауда бүкіл қытай халқын аузына қаратқанын оған дәлел ретінде келтіре аламын.
Димаш ағаның орындауындағы «Аққуым» және «Дайдидау» әндерін басқа ұлт өкілдерінің орындағанын көргенде қалай қуанбайсың?! Димаш аға барша әлемге қазақты, қазақтың өнерін танытты. Оның ең жақсы қасиеті - өз елін шексіз сүюі.
Мен де Димаш аға сияқты ән саламын, домбыра тартамын. Димаш ағаға қатты ұқсағым келеді.

Нұрлан Әділ 6А-сынып оқушысы

Әр адамды белгілі бір шығарма оқу барысында өзінің бар болмысымен баурап алатын сүйікті кейіпкері болады. Мен кішкентай кезімнен бастап кітап оқуды өте қатты жақсы көрдім. Кітап оқыған кезде мүлдем басқа әлемде жүріп, сол әлемдегі кейіпкерлермен мұңдасып, сырласып жүргендей күй кешемін. Сөзбен айтып жеткізе алмастай боламын. Сондай кейіпкерлердің бірі – Аян. Аян – менің сүйікті кейіпкерім. Аян – жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесінің негізгі кейіпкері.

Аян өте ақкөңіл, ақылды бала болған. Ол тым зерек болды. Қасындағы балаларға ертегі айтқанда қызықтыра, сол ертегі әлемінің ішінде өзі жүргендей етіп айтатын. Айналасындағыларға үнемі қамқор болып жүретін.

Қасындағы өзі секілді балалардың барлығының да әкелері майданға кеткен. Кейіпкерімнің өз әкесі де майданнан оралмаған.

Аян өзінің бар туыстарынан: әкесінен, анасынан, әжесінен айырылса да, ешқашан мойымады. Маған кейіпкерімнің осындай қайсар мінезі қатты ұнады.

Тіпті қасындағы жалғыз жанашыры әжесі көз жұмғанда да Аянның жасымауы, жыламауы бұған дәлел бола алады.

Мен Аянның іс-әрекетінен өміріме керек үлкен тәрбие алдым.

Өкінішке орай, біздің заманымызда, біздің арамызда Аян секілді балалар өте аз. Мен осыған қатты қиналамын.

Киікбай Еркеназ 6ә сынып оқушысы

Менің ең сүйікті кейіпкерім – ол менің алғашқы ұстазым Қарашаш Балкенқызы. Қарашаш апай өте мейірімді, ақкөңіл, адал жан. Ол бойындағы барлық күшін, еңбегін алдындағы шәкірттеріне аямай беретін. Апайым әр баланың білімге деген құштарлығын оята білетін. Қарашаш апайды барлық балалар жақсы көретінбіз. Апайымыздың да бізге деген мейірімі ерекше еді.Оның бойынан өз еңбегін аса сүйіспеншілікпен атқаратындығын байқайтынбыз. Ол сыныптағы оқушыларды жаман оқушы немесе жақсы оқушы деп ешқашан бөлмейтін. Оқушылардың барлығын жақсы көретін. Біз үшін екінші анамыз сияқты еді. Апай үлкен адам болса да, ешқашан шаршамайтын. Бойындағы бар білімін, тәрбиесін бізге беруге асығатын. Қарашаш апайдың ішкі жан дүниесі бай, өте білімді, нағыз еңбекқор адам.Қазіргі уақытта Қарашаш апай Нұр-сұлтан қаласында тұрады. Мен апайымды жиі еске аламын және сағынамын. Болашақта мен Қарашаш Балкенқызы апайым сияқты болғым келеді.

Оралбек Әсел 5-сынып оқушысы

Әрбір баланың кітап оқуы немесе теледидар көруі қажет. Мұны бізге мектепте ұстаздарымыз да, ата-аналарымыз да айтып отырады. Осындай шығармалар оқып, теледидардан түрлі мультфильмдер, ертегілер көрген кезде сен өзіңнің сүйікті кейіпкеріңді кездестіресің. Кейіпкерлер екі түрлі болады: жақсы және жаман кейіпкерлер. Әрине, адамдарға жақсы кейіпкерлер ұнайды. Олар сол кейіпкерге ұқсауға тырысады. Менің де сүйікті кейіпкерім бар. Мен кішкентай кезімнен «Қызыл телпек» деген мультфильмді сүйіп көремін және оның ертегісін де сүйіп оқимын. Осы ертегі оқиғаларындағы кейіпкер мені әртүрлі басқа түскен жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуге үйретті. Мысалы, өзің білмейтін жолмен ешқашан жүрмеу, жолыңда кездескен кез келген адамға сене бермеу және білмейтін адамдармен әңгімелеспеу, жан-жағыңа абай болу сияқты тәрбиені мен өзімнің сүйікті кейіпкерім Қызыл телпектен үйрендім. Қызыл телпек көп қателік жасаса да маған ұнайды. Өйткені оның жіберген қателігі маған үлкен тәрбие сияқты болды. Маған осы ертегі өте ұнайды және оқи бергім келеді.

Жумина Анель 6ә сынып оқушысы

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер