Бексейіт ауылының тыл еңбеккері, ақ жаулықты, көпті көрген әжеміз Құсайынова Бикамал апа 1925 жылдың жайма шуақ тамыз айында дүниеге келген. Әкесі- Жақып Жұман, анасы-Ыбырайқызы Жәмила. Отбасында жеті бала болған, соның ішінде ол- төртіншісі. Қария апаның айтуы бойынша, Аманжол және Байбол деген ағалары соғысқа қатысып, от ортасынан оралмаған батырларымыздың бірі. Әр жылдың 9 мамары күні ағаларын есіне алып, дұға оқып отырады...
Әңгіме барысында : «Сол кездерде ауыр заман болған, сондықтан жұмыстың жеңілінен ауырына дейін істегенмін» дейді. Сондай ауыр жұмыстардың бірі- шөп уақытында шөп жинады, егін уақытында егін жинады және де әйел адамға ең ауыр жұмыс соқа айдаумен айналысты. Содан кейін 17 жыл бойы сауыншы болып жұмыс істеген. Қай жұмыста болмасын алдыңғы қатарлы еңбеккер атанған. Көптеген құрмет грамоталарымен марапатталған. Атап айтсам, «Үздік сауыншы», «Ветеран труда», Мамлют ауданының әкімінің «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
“Жасымда қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр” деген нақыл сөздің жаны бар.Олай деп айтатыным, Бикамал әжеміз қартайған шағында еңбегінің зейнетін көріп отыр деп айтсам артық емес. «Төріңнен қарт кетпесін!», – деген ғибратты сөзді қашанда жадымызда шығармағаныз абзал.